Жайылым
– табиғи өрістік жер алқабы. Мал
еркін жайылып бағылатын жер.
Жартылай көшпелі
– көктем, жаз, күз мезгілін-
де жайылымның ыңғайына қарай жылжып көшіп
отырып, қыста дайын қора-жайы бар қыстауларда
қыстайтын мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы-
ның бұл түрі ерте темір дәуірінде дала мен таулы
аймақтарда қалыптасқан.
Жәдігер
– адамдардың өткен өміріне қатысты
түрлі мәліметтер. Тарихи орындардан табылған құнды
ақпараттар көзі болып табылатын бұйымдар, деректер.
Жекеменшік
– жерге, жылжымайтын мүлікке
және т.б. меншіктің негізгі нысандарының бірі. Же-
кеменшік мүліктің белгілі бір субъектіге тән екенін
көрсетеді.
Жерошақ
– от жағып, үстіне қазан асуға, нан
пісіруге арналған шұңқыр. Жерошақ тақыр жер-
ден қазылады, қазандық, түтіндік шығарып, алдын
кеулеп ояды. Қазылған шұңқырдың ұзындығы –
60–70 см, тереңдігі – 30–40 см, кеңдігі қазанның ау-
мағына байланысты болады.
Жертөле
– жерді қазып, бұтақтармен өріліп,
шыммен жабылған жер үй.
Жорық
– 1) әскерлердің алыс өңірлерге шабуыл
жасауы; 2) әскери бөлімдер мен құрамалардың
белгілі бір бағытты бетке алып, көлікпен немесе
жаяу ұйымдасқан түрде саппен қозғалуы.
Жүген
– ер-тұрман әбзелі. Ауыздық пен тізгін
арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданы-
лады. Жүгеннің "өрме жүген", "қайыс жүген" деген
түрлері бар.
Жылнама
– оқиғалардың болған жылы, күні
бойынша баяндайтын аса маңызды жазба дерек-
тер. Ерте заманда абыздар, тарихшылар, дін қыз-
меткерлері, патша хатшылары жыл ішінде болған
елеулі тарихи оқиғалар мен тарихи құбылыстарды
рет-ретімен тіркеп, жазып отырған.
Жібек жолы
– Еуразия құрлығындағы сауда, ке-
руен жолдарының жалпы атауы. Тарихи жол жібек
саудасына байланысты «Жібек жолы» атанды. Ал
кең-байтақ Шығыс пен Батыс өлкелерін бай-
ланыстырып тұрғандықтан, «Ұлы» сөзі қосылып,
«Ұлы Жібек жолы» деп аталды.
|