5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет268/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Құрбандық шалу
аруақтарды еске алып, мал 
сойып, ас беру.
Қыш
– саз бен олардың минералды қоспала-
рынан иленіп, күйдірілген материал. Бұл материал-
дан керамикалық ыдыстар, құмыралар жасайды.
Кіші патша
– қаңлы елінің патшасы. Оңтүстік 
өңірдегі жазиралы аймақтардағы қыстақтар мен 
қалаларды географиялық орналасуы бойынша, 
жеке-жеке иеліктерге бөліп басқару саясатын қол-
данған. Қытай жазбаларында қаңлы аймақ би-
леушілері «Шао ваң» (кіші патша) деп аталды.
Лақат

мүрдені немесе мәйітті жерлейтін 
көрдің ішкі үйі. Лақат қазу үшін алдымен кіндіктен 
биіктеу етіп тік қазылады да, кейіннен орта жа-
нынан жармалап қазады.
Мезолит
– орта тас ғасыры, палеолит пен неолит 
аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Шама-
мен б.з.д. XII–V мыңжылдықтың арасы. 
Меңгір
– тігінен тұрғызылған ірі тас бағандар. 
Меңгірлер сопақ, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, жарты 
шеңбер, түзу сызық, мыңдаған шақырымдық аллея 
түрінде болады. Биіктігі 4-5 метрден 20 метрге дей-
ін жетеді. Салмағы 300 тоннаға дейін барады.


170
170
Микролиттер 
– ұсақ тас жаңқасынан жасалған 
құралдар. Адам микролиттерді кейінгі палеолитте 
пайдалана бастаған, бірақ кең көлемде пайдалану 
мезолит дәуіріне тән.
Миссионер 
дiни ұйымдардың iлiмдерiн 
таратушы дiни қызметкер. Миссионерлiк ұй-
ымдардың шоқындыру саясаты Америка, Афри-
ка және Азия халықтары арасында қарқынды
мақсатты түрде жүргiзiлiп отырған. Миссионерлер 
баратын ел халқының дiнiн, тарихын, әдет-ғұрпын 
зерттеуге үлес қосқан. 
Моңғолоидтық тұрпат
– терісі сары қоңыр, 
шашы қатты, денесінің түгі аз, қысыңқы көзді, жал-
пақ бетті, қалың қабақты, қалыңдау ернімен ерек-
шеленетін тұрпат түрі. 
Мұртты обалар
– ерте темір дәуірінен сақталған 
ескерткіштер (б.з.д. VII–IV ғасырлар). Құрылымдық 
жағынан да, семантикалық өрісі жағынан да күр-
делі құрылыстарға жатады.
Наным
– қоршаған орта құбылыстарының тыл-
сым күштері туралы қалыптасқан білім, түсінік, 
көзқарастарға сену. Адамның белгілі бір мәлімет-
терді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, 
пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында 
көрінетін психиканың ерекше күйі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет