Нәсілдердің араласуы
– бір нәсіл өкілдерінің
екінші нәсіл өкілдерімен тығыз байланысы нәтиже-
сінде нәсілдік өзгеріске ұшырауы. Екінші нәсіл бел-
гілерінің пайда болуы.
Неандертальдық
– жер бетінде 100–35 мың
жыл бұрын өмір сүрген адам түрі, қаңқасы алғашқы
рет Германияның Неандерталь деген жерінен та-
былған.
Неолит
– жаңа тас дәуірі (грек.
neos
– жаңа және
lіthos
– тас) шамамен б.з.д. 5000–3000 жылдарды
қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі.
Нуклеус
– дөңгелек өзектастан жасалған еңбек
құралы.
Обалар
– ежелгі дәуірлерден сақталған археоло-
гиялық ескерткіштер, жерлеу орындары.
Одақ
– 1) әлеуметтік топтардың, жеке адамдар-
дың бірлестігі; 2) мемлекеттік бірлестік.
Остеология
– сүйектер мен қаңқалардың
құрылысы мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
Отырықшы
– жергілікті жер жағдайы мен та-
биғат ерекшеліктеріне байланысты халықтың бір
жерде қоныстануы.
Охра
– сары немесе қызыл түсті минералды бояу.
Өндіргіш шаруашылық
– табиғаттың дайын
өнімін ғана тұтынбай, өнімді еңбекпен айналысу.
Егіншілік пен мал шаруашылығы ерте замандағы өн-
діргіш шаруашылықтың негізгі түрлері болып табы-
лады.
Өркениет
(лат.
сіvіlіs
– азаматтық) – қоғамның
материалдық және рухани жетістіктерінің жиын-
тығы. Өркениет "мәдениет" ұғымымен тығыз бай-
ланысты.
Палеолит
– ерте тас ғасыры. Қазақстан аумағын-
да шамамен 1 млн жыл бұрын – б.з.д. 12 мыңжыл-
дық аралығы.
Парадарайа
–
теңіздің арғы жағындағы сақтар.
Арал теңізі аумағын мекендеген.
Партизан қозғалысы
– жау басып алған ау-
мақта өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі
жолындағы халықтық күрестің бір түрі. Оған жау
тылында қимыл жасаушы әскери бөлімдер де қа-
тысуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |