Петроглиф – тақтатас, жартастарға салынған су-
реттер, бейнелер.
Пеш-көрік – ауа үрлейтін тесіктері бар металл
балқытатын пеш.
Питекантроп – ежелгі адам; жер бетінде ша-
мамен 1 млн – 500 мың жыл бұрын өмір сүрген,
қаңқасы алғаш Ява аралынан табылған.
Ру – алғашқы тұрмыстық қауымның ұйымдасу
формасы. Арғы тегі бір әкеден немесе бір шеше-
ден тараған туыстар тобы. Ру алғашқы адамдар то-
бынан басталып, кейінгі рулық құрылысқа ауысты.
Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен
сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым
ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,
өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Қа-
уым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үл-
гілері.
Саркофаг (грек.
sarkophagus , дәлме-дәл – тән же-
гіш, алғашқы мағынасында – әк тасының бір түрінің
аты) – ағаштан, тастан, мәрмәрдан жасалып, әсем
жазбалармен көркемделетін, ашық аспан астына,
не арнайы құрылыс ішіне қойылатын табыт.
Сарматия – Қара теңіз бойында және оған
жақын аумақтарда сармат тайпалары мекендеген
аумақтың жалпылама атауы.
Сауыт – ұсақ темірден тоқылатын, қару-жа-
рақтардан қорғануға арналған сарбаздың киімі.
Скифия – Қара теңіз бойында және оған жақын
аумақтарда скиф тайпалары мекендеген аумақтың
жалпылама атауы.
Сықырлауық – киіз үйдің ағаш есігі.
Сыртқы қысым – бір мемлекетке басқа мем-
лекеттер тарапынан көрсетілетін күш, зорлық,
мәжбүрлеу саясаты.
171 171
Табынушылық – қолдан жасалған киелі,
сиқырлы деп сенген құрылыстарға, заттарға неме-
се табиғат күштеріне, құбылыстарына сиыну.
Тайпа – бір жерде тұратын, тілі бірдей, өза-
ра туыстық байланыстары бар бірнеше рудан
құралған, туыстық байланыстары бар бірлестік.