5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Қаптырма – сырт киімге арналған металдан  жасалған қарсы ілгек. Қаптырма белдік – екі ұшы  қапсырма арқылы түйісетін белдік. Келісім



Pdf көрінісі
бет267/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қаптырма
– сырт киімге арналған металдан 
жасалған қарсы ілгек. Қаптырма белдік – екі ұшы 
қапсырма арқылы түйісетін белдік.
Келісім 
– халықаралық қатынастарда екі немесе 
бірнеше тараптың арасында ымыраға келуі немесе 
соғысып жатқан тараптардың арасында жасалатын 
бейбітшілік шарты.
Кетпенді-теселі егіншілік
– ежелгі кезеңде жер 
өңдеудің қарапайым түрі. Кеңінен қола дәуірінде 
таралған егіншілік түрі.
Қола
– қалайы мен мыстың қоспасынан алынған 
құйма.
Қолбасшы 
– әскери істерді басқарушы, әскерба-
сы.
Қолданбалы өнер 
– тұрмысқа кажетті көркем, 
жиһаздық заттарды жасайтын өнер түрі. Түрлі үй 
жиһаздарын зергерлік ою-өрнекпен әшекейлеп, 
тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар жасау. 
Қоныс аудару
– бір жерден екінші жерге көшу, 
мекенін өзгерту.
Қорған 

 
1) ежелгі қабірлер үстіндегі тас неме-
се топырақ үйінділері; 2) бір нәрсені айналдыра 
соққан дуал, биік қабырға, бекініс.
Қамал бұзғыш құрылғылар
– жорықтарда қол-
данылған, кез келген қамалды бұза алатын, бөрене-
лерден тұратын құрылғы.
Қорым
– ертедегі ғұрыптық жерлеу орны. Қо-
рым, негізінен, тастан қаланып, кейде топырақтан 
тұрғызылған немесе қиыршықтастан үйіп жасалған 
бірнеше обалардан, қорған-қоршаулардан тұрады.
Қорытпа
– балқытылған металдардың құймасы.
Көкпар
– ұлттық ат спорт ойыны. Көкпар жігіт-
тердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен 
ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастыра-
ды.
Кремация
– мәйітті арнаулы тәсілмен өртеу әдісі.
Құл
– басыбайлы, тәуелді, құқығы мен еркіндігі 
жоқ адам. Құлдық алғашқы қауымдық қоғам ыды-
рай бастаған кезеңде пайда болды. Алғашқыда 
соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей алмаған ке-
дейлер құлға айналдырылды. Кейіннен құл саудасы 
кеңінен өріс алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет