Археология
– заттай деректердің негізінде адам-
зат қоғамының өткен тарихын зерттейтін ғылым са-
ласы.
Арық
– өзен арнасынан не бөгеннен егінге су
жіберуге, егісті суаруға арналған жасанды арна.
Егіс телімдеріне кез келген жерден су жіберу үшін
арықты, көбінесе, суайрық бойымен беткейлете
жүргізеді.
Асатаяқ
– грифон образында балқарағайдан ой-
ылып жасалған көлемді мүсін, тайпа көсемінің (пат-
шасының) билік белгісі.
Ассимиляция
–
бір халықтың екінші халықпен
араласу үдерісі; халықтың өзінен саны көп, қуаты
күшті халықтың құрамына сіңіп, өзгеріске ұшырау
немесе жұтылып кету үдерісі.
Ат әбзелдері
– жылқыға міну және жегу үшін
пайдаланылатын ер-тұрмандары мен жабдықтары.
Ауыздық
– аттың аузына кигізіліп, екі жағына
жүгенді бекітетін шылбыры бар ат әбзелі.
Ахеменидтер
– ежелгі Парсы мемлекетінің пат-
ша әулеті.
Әлеуметтік теңсіздік
– адамдардың қоғамда
әлеуметтік жағдайына байланысты бөлінуі.
Әскери демократия
– жауынгерлердің жина-
лыстарында өз көсемдерін сайлап, мемлекеттік
мәселелерді шешуге қатысу құқығының кеңінен
таралуын білдіретін қоғамдық-саяси құрылыс.
Әскери сословие
– әскери көсемдер мен атақты
жауынгерлердің тұрмысы, құқықтары мен міндет-
тері жағынан ерекшеленуін білдіретін теңсіздік.
Бальзамдау
– мәйітті ұзақ сақтау үшін шірітпей-
тін заттармен өңдеу. Алғаш бальзамдауды ертедегі
мысырлықтар қолданған.
Бата
– адал ниет, жақсы тілек білдіру дәстүрі. Со-
нымен қатар қайтыс болған туыстарды еске алып,
бата жасау.
Бек
– ежелгі қауымдастықтағы қолбасшылық
дәрежесін білдірген әскери шен, атақ, жоғары ба-
сымдыққа ие тұлға. Бектердің бір бөлігі қоғамда
сот билігін атқарушы, салық жинаушы және т.б. са-
яси-әкімшілік қызметтерді атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |