5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Ежелгі Қазақстан тарихы мынадай тараулардан тұрады



Pdf көрінісі
бет6/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Ежелгі Қазақстан тарихы мынадай тараулардан тұрады:
1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі.
2. Ежелгі көшпелілер өмірі.
3. Сақтар.
4. Үйсіндер мен қаңлылар.
5. Ғұндар.
6. Сарматтар.
7. Ежелгі Қазақстан тарихына шолу.
«Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі»
тарауында оқушылар Ежелгі Қазақстандағы адамдардың 
тұрмыс-тіршілігі, археологтар ашқан тас, энеолит, қола дәуірінің ескерткіштерімен танысып, олардың өмірінен 
мағлұмат беретін көптеген тарихи жәдігерлерге сипаттама жасайды. Қола дәуіріндегі Еуразия даласын мекенде-
ген андронов тайпаларының тіршілігі мен дүниетанымын сипаттауда археологиялық деректерді пайдаланады. 
«Ежелгі көшпелілер өмірі»
тарауында оқушылар темір дәуірінің ерекшеліктерімен, көшпелі мал шаруа-
шы лы ғы мен темір игерудің шаруашылық салаларына тигізген әсерімен танысады. Ерте темір дәуірінде ат 
әбзелдері мен қaру-жaрaқтaр, әшекeй бұйымдарын жacaу кең етек алғанын зерделейді. Көшпелілерде негізгі 
шаруашылық түріне байланысты жылжымалы тұрғын үй – киіз үйдің ойлап табуын зерттейді. Көшпелілердің 
күні бүгінге дейін жеткен салт-дәстүрлерінің маңызын талдайды.
Алғысөз


6
6
«Сақтар»
тарауында парсы сына жазбалары мен грек, рим тарихшылары қалдырған мәліметтері арқылы 
оқушыларға сақтардың қоғамдық құрылысы, тұрмыс-тіршілігі, қоныстанған аумағы туралы ақпарат беріледі. 
Оқушылар Есік, Берел, Шілікті, Бесшатыр ескерткіштерінің ерекшеліктерімен танысып, сақтардың мәдениеті, 
дүниетанымы мен өнері туралы білім алады. Сақ патшайымы Томирис тұсында орын алған саяси оқиғалар-
мен, жалпы сақ батырларының ерліктерімен танысып, оларға мінездеме береді.
«Үйсіндер мен қаңлылар»
тарауы ежелгі тайпалық бірлестіктердің өмірі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, 
қоғамдық құрылысы мен саяси тарихы туралы ақпарат береді. Оқушылар үйсіндер мен қаңлылар туралы 
мәліметтер қалдырған қытай деректерін зерделейді. Тарауда Ұлы Жібек жолының қаңлы мен үйсін мемлекет-
терінің дамуына тигізген әсері, олардың көрші елдермен қарым-қатынасы, қала мәдениетінің дамуы, архeо-
логиялық қaзбa жұмыcтaры нәтижecіндe табылған aca құнды жәдігeрлeріне қатысты ақпараттар қамтылады. 
«Ғұндар»
тарауында оқушылар жазба және археологиялық деректер негізінде ғұндардың өмірі мен тұр-
мыс-тіршілігін сипаттап, олардың халықаралық қатынастардағы рөлін көрсетеді. Ғұндардың мемлекеттік 
дәрежеге жеткенін қарастырады. Ғұндардың батысқа жылжу себептерін анықтап, салдарын талдайды. Ғұн-
дардың қоныстануы нәтижесінде орын алған өзгерістерді анықтай отырып, бұл үрдістің «халықтардың ұлы 
қоныс аударуы» атауына ие болу себептерін түсінеді. 
«Сарматтар»
тарауы сарматтардың қоғамдық құрылысы, археологиялық ескерткіштері, мәдениеті, өзге 
мемлекеттермен қарым-қатынасы туралы ақпараттарды қамтиды. Оқушылар Бесоба, Сынтас, Аралтөбе 
секілді маңызды ескерткіш қорымдарын салыстырып, тұжырым жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет