5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет9/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақтың мақсаты – алғашқы адамдардың тұр-
мыс-тіршілігіне жалпы шолу жасап, Ежелгі Қазақстан 
тарихы пәнін оқудың маңыздылығын түсіну. Са-
бақтағы мәтіндер мен тапсырмалар арқылы оқушы-
лар уақыт сызығымен жұмыс жасап, тарихи кезең-
дердің хронологиялық реттілігін түсінеді, адамзат 
тарихындағы тас, қола, темір дәуірлерін сипаттайды. 
Тапсырмаларды орындай отырып, әр кезеңдегі өз-
герістерді біледі. Сабақ барысындағы іс-әрекеттер 
тақырыпты маңыздылық және өзгеріс пен сабақтас- 
тық концептілерінде ашуға бағытталған.


8
8
Талқылаңдар
Оқушыларға "Өткен тарихты білу не үшін қажет?" 
деген сұрақты қойыңыз. Сынып оқушыларын топ- 
қа бөліп, алдын ала дайындалған 9 кеспеқағазды 
топтарға таратыңыз. Кеспеқағазда жазылған тарих 
туралы пікірлермен танысып, оларды талқылауды 
сұраңыз. Оқушыларға өздеріне ұнаған пікірлерді 
жоғары қойып, керісінше ұнамаған тұжырымдарды 
төменге орналастыруды ұсыныңыз. Әр топтан 1-2 
оқушы талқылау нәтижесінде кеспеқағаздарды қалай 
орналастырғанын әңгімелейді. Өздеріне ұнаған пікір-
лерді оқып, не үшін ұнағанын түсіндіреді. Төменде 
орналастырылған пікірлердің неліктен ұнамағанын 
айтады. Тапсырманы орындау барысында тарих тура-
лы көбірек ойланып, пікірлерді талдауда оқушылар-
дың бір-бірімен білім алмасуын қадағалаңыз. Қажет 
болған жағдайда кейбір топтарға мынадай сұрақтар 
қойыңыз: "Біз неге адамзаттың өткен замандағы 
оқиғаларын білгіміз келеді? Қазақстан аумағында өт-
кен замандарда өмір сүрген адамдардың өмірі тура-
лы білу маңызды ма? Өткен замандағы оқиғалардың 
қазіргі кезеңге әсері бар ма?"
Өзгерістерді сипаттаңдар 
Алдын ала дайындалған кестені тақтаға іліп, 
оқушылардың суреттерге назар аударуын сұраңыз. 
Оқушылардан жұптық жұмыста тас дәуірі, қола дәуірі, 
темір дәуірінің кемінде 3 басты өзгерісін анықтап, жа-
уаптарын стикерге жазып, кестедегі әр кезеңнің тұсы-
на ілуі қажет екенін түсіндіріңіз.
Жауаптары. 
Тас дәуірінде адамдардың еңбек 
құралдары тастан жасалған. Олар аң аулаумен ай-
налысқан, отты қолдануды білген. Аң терілерін киім 
ретінде жамылған. Қола дәуірінде адамдар өмірінде 
көптеген өзгерістер орын алған. Олардың бет-әл-
петтері қазіргі адамдарға өте ұқсас. Қола дәуіріндегі 
адамдардың киімдері матадан тоқылған жеңіл және 
ыңғайлы. Олар баспаналар салуды білген, ыдыстар 
жасай алған. Өздеріне қажет еңбек құралдарын жа-
саған. Темір дәуірінде әскери өнер дамыған. Олар 
темір сауыттар киген. Адамдарды басқаратын биле-
ушілер болған. Атты әскер құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет