5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет10/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Уақыт сызығы бойынша анықтаңдар 
Оқушыларға А3 пішініндегі қатты қағазды таратып, 
жұптық жұмыста тас, қола, темір дәуірлерінің уақыт 
сызықтарын жеке қағазға белгілеуді ұсыныңыз. Со-
дан кейін үш дәуірдің уақыт сызықтарының сызбала-
рын салыстырып, кезеңдердің қайсысы ұзақ уақытқа 
созылғанын сұраңыз.
Маңыздылығын түсіндіріңдер 
Сабақ барысында алынған білімнің негізінде 
Қазақстан ның ежелгі тарихын білудің кемінде 3 маңы-
зын түсіндіруді сұраңыз. Тапсырманы әр оқушыға ой 
толғау түрінде жеке орындауды ұсыныңыз.
Жауаптары. 
Оқушылардың ой толғаулары арқылы 
олардың қазіргі бізді қоршаған дүниені, халқымыз-
дың тарихын, төл мәдениетіміздің ерекшеліктерін қа-
лай білетінін, Қазақстан аумағындағы алғашқы мем-
лекеттердің құрылуы туралы түсініктерін анықтаймыз. 
Сабақ барысында көптеген ұқсас жауаптар болуы 
мүмкін.
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылардың сабақ барысында орындалатын 
іс-әрекеттері бағаланады. Оқушылар әртүрлі сұрақтар 
құрастырады. Ашық типтегі және сыни тұрғыда ойлау- 
ға жетелейтін сұрақтарды атап көрсетіңіз. Осындай 
маңыздылығы жоғары, терең ойлануға негіздел-
ген сұрақтарды бағалаңыз. Әр дәуірдегі өзгерістерді 
пайымдай алған, суреттерге сипаттама жасай алған 
оқушыларды бағалау мүмкіндігі бар. Сондықтан 
оқушының жеке жұмысы бағаланады. 
Қосымша тапсырма
Кейбір оқушыларға өзінің туған жерінде тас, қола, 
темір дәуіріне жататын ескерткіштер, тұрақтар бар 
болса, сол бойынша суреттер топтамасын жасап
олардың хронологиясын уақыт сызығына түсіріп ке-
луге тапсырма беріңіз.


9
1.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Тарау мақсаттары:
• еңбек құралдары мен қару-жарақ түрлерін си-
паттау;
• ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау;
• металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салала-
рына тигізген ықпалын түсіндіру;
• қазақстандық ғалымдардың археологиялық 
жаңалықтарын білу;
• археологиялық ескерткіштерді салыстыру;
• археологиялық деректерге сүйене отырып, 
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің 
белгілерін анықтау, алғашқы адамдардың антрополо-
гиясын сипаттау;
• алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығар-
машылық түрде (әңгімелеу, бейнелеу, көрініс, макет) 
көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет