5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет7/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

«Ежелгі Қазақстан тарихына шолу»
тарауында оқушылар Қазақстан аумағында өмір сүрген ежел-
гі адамдардың антропологиясымен танысады. Темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген сақ, үйсін, 
қаңлы, ғұн, сармат тайпаларының нәсілдік ерекшеліктерін ажыратады. Ежелгі дәуірге саяхат жасай отырып, 
адамдардың алғашқы кәсібі мен шаруашылық түрлеріне шолу жасайды. 
Берілген оқулықта оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін көздейтін кішігірім ақпараттық мәтіндері бар 
айдар-
лар
ұсынылған. Олар: «Ойланыңдар», «Жасап көріңдер», «Тұлғаны таныңдар», «Анықтаңдар», «Бұл уақыт-
та...», «Бұл қызықты», «Есте сақтаңдар». 
Сабақтағы әрбір айдар оқу мақсаттарының жүзеге асуына бағытталып, оқулықтағы тақырып материал-
дарын баяндау барысында біртұтастылық пен бірізділікті қамтамасыз етеді. Бұл айдарлар оқушылардың 
танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталып, сабақтағы іс-әрекеттердің ауысып оты-
руын қамтамасыз етеді. Айдардағы ұсынылған тапсырмалармен таныса отырып, оқушылар алған білімдері 
бойынша өзіндік қорытынды жасап, тарихи оқиғаларды жан-жақты ұғынуға мүмкіндік алады. Жалпы айдар-
лардың негізгі мазмұны оқушының бойындағы зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. 
«Ойланыңдар»
айдары оқушылардан берілген сұрақты мұқият және жан-жақты қарастыруын талап 
етеді. Бұл айдарда берілген тапсырмалардың басым бөлігі шағын зерттеу жұмысы түрінде ұсынылған. 
«Тұлғаны таныңдар»
айдарында белгілі тарихи тұлғаларға қатысты маңызды, қызықты ақпараттар беріледі. 
«Бұл қызықты»
айдары оқушылардың тиісті тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат алуына мүмкіндік береді. 
Айдардың негізгі мақсаты – оқушы бойында тақырыпқа қатысты танымдық қызығушылықты қалыптастыру.
«Бұл уақытта...»
айдарында тақырыпқа сәйкес нақты осы уақытта басқа елдерде орын алып жатқан 
оқиғаларды сипаттау ұсынылады. 
«Жасап көріңдер»
айдары арқылы оқушыларға тақырыпқа сәйкес белгілі бір заттарды өз қолдарымен 
жасап көру ұсынылады. Мұндай сабақтарда мұғалім оқушыларды тәжірибелік іс-әрекетке қажетті барлық 
ресурстармен қамтамасыз етуі тиіс.
Айдарлардың оқулықта орын алуы сабақ барысында қарастырылған мәселеге, тақырыпқа тікелей байланысты. 
«Ойланыңдар», «Анықтаңдар» айдарларын мұғалім сабақтың басында қолдана алады, ал «Бұл қызықты», 
«Тұлғаны таныңдар», «Бұл уақытта ...» айдарларын сабақтың негізгі бөлігінде, жаңа материалды игергеннен 
кейін қарастырған жөн. 
«Есте сақтаңдар» және «Жасап көріңдер» айдарларын сабақтың соңында беруге болады. 
Оқулықта негізгі назар іс-әрекетке бағытталған тәсілге аударылған. Әрбір сабақта оқушылар карталар, 
суреттер, кесте және диаграммалармен жұмыс жасайды. Белсенді оқыту әдістері оқушыға өздігінен білім 
алуға көмектеседі. Оқулық және әдістемелік ңұсқаулық фактологиялық білімді игерумен қатар білік пен дағ-
дыларды қалыптастыруға жетелейді. 
Мұндай әдістің басты мақсаты – ең алдымен оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалып- 
тастырып, тақырып аясында одан әрі ізденуге баулу. 
Оқулық пен әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған тапсырмалар мынадай критерийлер негізінде құрастырылған:
• тапсырманың мақсаттылығы мен қолжетімділігі;
• саралауды ескеру;
• белгілі бір тарихи концептіге негізделу;
• белгілі бір мәселені көздеу;
• тапсырманы орындағаннан кейін рефлексия жасау.
Оқу материалдары оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталды. Мұғалім әдісте-
мелік нұсқаулықтағы ұсынылған тапсырмаларды бейімдей алады. 
Бұл нұсқаулық сіздің жұмысыңызға қолдау көрсетіп, әдістемелік көмек береді деген үміттеміз. Іске сәт!


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет