55
Қымбатты мұғалімдер!
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен
оқу бағдарламасына сәйкес барлық тараулар бойынша сабақтардың толық сипаттамасын қамтиды. Оқулықта
көрсетілген тақырыптар оқушыларға Ежелгі Қазақстанның көне дәуірдегі тарихи дамуының негізгі оқиғалары,
құбылыстары мен үдерістер мәні туралы түсінік беруге бағытталған. Ал сұрақтар мен тапсырмалар оқушылар-
дың зерттеушілік, коммуникативтік, ойлау дағдыларын дамытуға арналған. Бұл әдістемелік құралда ұсынылған
оқу-танымдық іс-әрекеттер оқушыларды өз ойларын ауызша және жазбаша білдіруге тәрбиелейді және олар-
дың әртүрлі деректерден қажетті ақпараттарды алып, түсіндіру, гипотезалар жасау қабілеттерін қалыптастырады.
"Қазақстан тарихы" пәнінде оқу бағдарламасының оқу мақсаттары мен ұстанымдарын тиімді түрде жү-
зеге асыру үшін оқыту үдерісінде түрлі әдіс-тәсілдер ұсынылған. Олар: оқытудағы құндылықтарға, тұлғаға,
іс-әрекетке
бағытталған тәсілдер,
саралап оқыту, коммуникативтік тәсілдер.
Достарыңызбен бөлісу: