245
үлгілеу әдістерінің заңдылықтарын білу, жобалау, шығармашылық қызметтің
дамуына, графикалық мәдениет пен дәстүрлі және қазіргі заманғы графика
құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақты әзірлегенде оқушылар мақсаттарға бір сабақта емес, сабақтар
циклі арқылы қол жеткізетінін есте сақтау керек. Сонымен бірге жұмыстың
тізбектік кезеңдерін ұйымдастыру, әр сабақты өту мен оқытудың мақсаттарын
айқындау, сабақ беру мен оқытудың нәтижелерін өлшеу әдістемесін бекіту,
күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында оқыту мен сабақ берудің
міндеттерін айқындау, оқытудың барлық кезеңінде мақсатқа бағытталған оң
динамиканы қамтамасыз ету, барлық білім алушыларды оқыту процесіне тарту
мақсатында стратегиялық жоспарлау міндетті.
Әр тоқсанда көрсетілген оқыту мақсаты сол тоқсанда өтіледі және ол
келесі тоқсанға көшірілмейді.
Оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға
арналған «Графика және жобалау» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік
оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат
сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаулар жайлы
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» ҚР Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125
(өзгерістер мен толықтырулар 2019 жылдың 26 қарашасында №509 бұйрықпен
енгізілген) бұйрығына сәйкес «Графика және жобалау» пәні бойынша
Достарыңызбен бөлісу: