246
Білім алушылар шығармашылықпен айналысу арқылы үлкен жетістіктергі
жетеді. Оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырып, сыни
тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту үшін эликтивті курстар жүргізуге болады.
Осы орайда, үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонент есебінен:
- 10 – сыныптар үшін «Компьютерлік графика»;
- 11 – сыныптар үшін «3D модельдеу» элективті курстарын жүргізу
ұсынылады.
7. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын
әдістемелік тақырыптар
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінде «оқушылардың «Графика және
жобалау» пәнін меңгеру деңгейі», «Графика және жобалау» пәнінің пәнаралық
байланысын арттыру» сынды тақырыптарды қарастыруды ұсынамыз.
Бұл тақырыптар «графика және жобалау»
пәнімен өзге пәндерді
байланыстыра отыра, ортақ ғылыми жобалар жазуға мүмкіндік береді.
✓
«Графика және жобалау» пәнін «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы
бойынша дипломы бар мұғалімдер жүргізе алады. Мамандық алғандағы оқыған пәндер
тізімі «Графика және жобалау» оқу пәнін оқыту үшін арнайы диплом талап
етілмейтіндігін куәландырады.
✓
Осы оқу пәнін оқыту үшін тиісті сертификатты ала отырып, біліктілікті
арттыру курстарынан өту ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: