Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет26/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
51 
кездегі қазақтың мал бағатын руларының бастылары Арғын, Қыпшақ, Үйсін, 
Найман, Алшын, Керей, Қаңлы, Қоңыратқа ыңғайлы тимеген. Бұлардың 
араларындағы Маңғыт, Бүркіт, Барлас руларының көп елі Әбілқайырға қыз беріп, 
қыз алып хан жағына ауып кеткен. Осының арқасында Әбілқайырдың өзінде де 
қазақ руларына деген қырғи-қабақтық пайда болған. Ал, қазақтың Найман, 
Қоңырат, Дулат, Жалайыр секілді руларының кей ауылдары өздеріне жақсы 
қарайтын Моғолстан жеріне көшіп те үлгірген. Бұны да істеп жүрген сол баяғы 
Жәнібек пен Керей деп ойлайды хан. Ал қазақтың көп рулары оларды Ақ Орданы 
құрған Орыс ханның ұрпақтары деп, өз сұлтандары санайды. Мұндай жағдайда 
Жәнібек пен Керейге тура бас салуға бола ма? әрине, болмайды. 
Әбілқайырдың ойы бағанадан бері осы өзіне өш қос сұлтанның тағдырын 
қалай шешсем деген дүрбелеңде еді. Және ұзаққа созбай осы ертең, күні бүгіннен 
қалмай шешу қажет. Өйтпесе күннен-күнге маңына ел үйірілуден қалып барады. 
Қасына берген бір күн, көшінің артыла түсуіне әдейі арнаған бір жылмен тең. 
«әрине осыншама жұрт жиналған, мына ұлы тойда Жәнібек пен Керей көп би, 
батырлармен тіл тапты. Қазақ батырлары Қаптағай, Бөрібай, Оңай, Бекет, 
Қарақожа босқа топтанып жүрген жоқ. Мен асықпағанмен олар асығады. 
Сондықтан күні бұрын қимылдау керек. Ертең ас бітеді... Ас бітісімен ақ...» 
Осындай ойда іштей, бұлқан-талқан болып отырған Әбілқайыр Қыпшақ ерлігін, 
тарихын тыңдаудан көрі, тезірек осы кездегі өзінің бас уәзірі Бақты-Қожа 
ұйғырмен ақылдасқысы келді. 
Хан тағынан көтеріліп, нөкерлерін ертіп, өз Ордасының оң жағынан оқшау- 
лау тігілген төртінші бәйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегімнің үйіне қарай жүре бергенде, 
Қыпшақ ерліктерінің ең қызық жерінде тыңдамай тұрып кеткен Әбілқайыр мінезі 
ұнамай қалған Асан Қайғы, отырған орнынан қозғалмастан: 
«Көлге үйренген қоңыр қаз, 
Шөл қадірін білмейді, 
Шөлге үйренген дуадақ, 
Көлге апарып қамасаң 
Шөлін аңсап шөлдейді», 
— Хан ием, халық өз тарихын көптен бері естімей, сағынып қалған екен, өзің 
намазыңа асықсаң, өзгемізге айызымызды қандыруға рұқсат ет, — деді. 
Азуы алты қарыс Бердібек ханға: 
Қас-қабағыңнан таныдым, 
Хан Бердібек боларсың, 
Қауырт көштен таныдым. 
Еділ барып қонарсың! 
Қан жылатып халқыңды, 
әлі-ақ сен де толарсың! 
Өз әкеңді өлтіріп, 
Қайда барып оңарсың? — 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
52 
деген ел ардақтаған Асан Қайғы, Әбілқайырдың жырау толғауын тыңдамай 
кетуіне намаз емес, басқа себеп бар екенін бірден сезді. Сондықтан да ол ханға 
қадала сөйледі. 
Әбілқайыр Асан сөзінің маңызын ұққысы кеп, кенет тоқтай қалды. 
— Шабытына мінген жырау, ат сабылтып шауып келе жатқан аңшы тәрізді
бекер тоқтаттың, хан ием, — деді Асан қалың қабағын түйіп, сөйтті де ар жағынан 
келіп қалған ызасын ұстай алмай түксиген қабағынан қыраулы қыстай кәрін төгіп, 
көптен бері айтайын деп жүрген өкпе-ашуын толғай кетті. 
Сара жолдан жаңылған 
Ханға зират қазылмас. 
Сөгілгелі тұр қабырғам, 
Кеселдімін жазылмас. 
Тарқат, ханым, шерімді, 
Намазыңа асықпа. 
Құрыштан берік елімді 
Ала ауыздықпен жасытпа! 
Бітеу өскен қауынды 
Тұрсың босқа жарғалы, 
Досыңнан іздеп жауыңды 
Тұрсың жалғыз қалғалы! 
Ұмыттың қазақ даласын, 
Ұлғайттың жаным жарасын, 
Бір атаның баласын 
Екіге бөліп барасың! 
Жолын, ханым, таппасаң, 
Бүлінеді барлық жұрт! 
Таң боп қайта атпасаң, 
Басқалы тұр қара бұлт! 
Көптің көкейінде жүрген тілекті Асан Қайғы айтты. Хан ақын толғауының ар 
жағында өзіне деген халықтың наразылығы жатқанын әбден ұқты. 
Бұған қандай жауап беру керек? әділетке келсек, әрине жырау сұрағы жөн. 
Бірақ оған хан қандай жауап бере алады? Өзі шетінеткен бөгетті қайта жамай алар 
ма? Жоқ, енді кеш. Бөгеттің ернеуінде лықылдап асау толқын келіп тұр. Бүгін 
болмаса ертең ол бөгеттің быт-шытын шығармақ. Ханның бар қолынан келері сол 
толқынның астында қалмау. Жолын тауып жағаның бір жағына шығу. Ал Асанға 
жауап бермей кетуге тағы болмайды. Оның сөзінің ар жағында қолында тобылғы 
сапты, бұзау тіс қамшы, күлге көміп солқылдатып алған қайың сойылы бар Дәшті 
Қыпшақ елінің әбден ұшталып қалған мүддесі тұр... 
Әбілқайыр жауап бергенше, кенет әлдекімнің үрейленген даусы шықты. 
— Бұл кім екен? — деді дауыс. — Орда аман болса жарар еді? 
Жаугершілік заман, қандай мықты хан болса да өздері жоқта Орданы шабатын 
жау жүрек қастары табылатын шақ. Жұрт та жігіт көрсеткен жаққа үрейлене 
қарады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет