Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
50
Ханның дәл өткір қанжардай алып түсетін кезінде де алып түсе алмауының да
үлкен астарлары бар...
Шыңғысханның тұсынан-ақ ұрпақтарының көбі қарамағындағы қалалар мен
қоныстанған елдерді тек талау үшін керек деп қараған. Тек осы жағынан келіп,
олар шауып алған қалаларды, қоныстанған елді тонаумен болған.
Ал, қанды жорықтардың осынау тасқындары басыла бастағаннан кейін,
Шыңғысхан ұрпақтары Қарақұрым хандығының әкімшілік ісін басқаратын,
Үгедейдің оң қолы Елуй Чусайдың арқасында бұл істерінің дұрыс емес екенін
ойлай бастаған. Елуй Чусай Үгедейге: «Ұлы хандық ат үстінен түспей жаулап
алынды. Оны енді ат үстінде отырып басқаруға болмайды» деген. Ұлы қидам
ақылшысының бұл сөзін көп ойлаған әсіресе Мөңке хан. Егер әскерлер бұлай аты-
жөні
жоқ бар қалаларды шауып, қоныстасқан елді құрта берсе, көп кешікпей
тонайтын жердің де, елдің де қалмайтынына көзі жеткен. Сол себептен
Қарақұрымның ордасына ие болғаннан кейін, өзіне бағынышты қалалар мен
қоныстасқан елдің қанын сорудың басқа жолын іздеген. Жолын тапқан да,
Шыңғыс ұрпақтары шауып алынған қалалардың бәріне даруға (Орта Азияда) мен
басқақтар (Иранда) белгіленген. Ең алыс тұрған Иран жеріне бас басқақ боп Аргун
батыр жіберілген.
Бұл даруға, басқақтар тікелей Қарақұрымға бағынған.
Бұлардың міндеті
қарамағындағы жұртқа санақ жүргізіп, сауда жолдарын, ақша мәселелерін
тексеріп, жұрттан дер кезінде салық жинап, Қарақұрымға тікелей жіберіп
отыру.
Шыңғысхан заңы бойынша жаулап алынған көшпелі елдердің жері, суы хан
ұрпақтарына ұлыс-ұлысқа бөлініп, басыбайлы берілген.
Бұл елдердің тағдырын,
көшіп-қонуын, шаңырақ, мал басынан жиналатын салығын осы хан ұрпақтары
өздері шешетін. Ал отырықшы ел мен қалалар Ұлы Орданың астанасы Қара-
құрымның өзі тікелей жіберген әкімдерге ғана бағынатын. Түскен пайда
(егіншіліктен, өнеркәсіп, салықтан) Қарақұрымдағы Шыңғысханның қазынасы
мен оның толып жатқан ұрпақтарына бөлінеді. Сөйтіп басқарып отырған жерінде
қала, отырықшы жұрты бар хан, бұлардан түскен салықты өзі жеке пайдалана
алмайды. Бұл салықтардың бәрі Қарақұрым қазынасына бір бағамен түсу үшін
Мөңке хан бүкіл Алтын Орда, Жағатай, Иран жерінде салмағы бір алтын ақша —
динарлар шығартқан.
Бұл динарлардың құнды болып, бүкіл Монғолия
патшалығында бірдей бағалануын, Мөңке хан саудагерлер арқылы жүргізіп
келген. Бұқар, Самарқант, Герат, Алмалық, Берке ханның кезіндегі Алтын Орда
астанасы Сарай әрқайсысы өзінің алтын ақшасын құйған. Бірақ бәрінің де салмағы
бірдей болып отырған.
Мөңке өліп, Шыңғыстың Ұлы Ордасын Қытайға көшіргеннен кейін, бұл
Орданың күйреуімен бірге ақша саясаты да бүлінген. Алтын Орда хандары алтын
ақшаны өз аттарынан құя бастаған. Бірақ Ақсақ Темір Сарайды шауып, Қыпшақ
даласында бүліншілік бастағаннан кейін бұл жағдай мүлдем тоқталған.
Негізгі
шаруашылығы мал бағу болған қазақтың көп руы енді қала салудан біржолата бас
тартып, өзінің кең байтақ даласында ру-ру боп көшкен. Бұлардың бар байлығы
малы мен жері ғана. Ал осы уақыттағы Дәшті Қыпшақтың ханы Әбілқайыр бөтен
саясатты ұстады. Ол Сейхұн мен Жейхұн дариялар бойындағы Шыңғыс шауып
кеткен
шаһарларды
қайта
тұрғызып,
бұл
араларға
қо-
ныстануға бейім елдерді орналастыра бастады. Әбілқайырдың бұл саясаты осы