Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
42
атаған, әкесі қияттан, шешесі та-та
1
елінен шыққан Темучин құр ғана
монғолдардың өзара таласын басып қойған жоқ, ең алдымен монғол елімен аралас
Керулен, Аргун, Онон, Орхон өзендерінің бойында көшіп жүрген Керей, Найман
руларын жеңіп алды.
Бір мың екі жүз жетінші жылы монғолдар Енисей өзенінің жоғары жағы мен
Селенгі өзенінің солтүстік тұсын жайлаған ұсақ елдерді жаулауға кірісті. Осы
аттаныстарының арқасында Шыңғысхан әскерін қаруландыруға өте маңызы бар,
темір өндіру өнеркәсібіне бай өлкеге ие болды. Сол жылы-ақ Шыңғысхан
Орталық Азиядағы Си-Си деп аталатын бір кезде
Қытайды тітіреткен тунгус
мемлекетін өзіне қаратты. Жауынгер атты әскерін қосып өзінің шебін көбейтті.
Содан кейін олар, жер мойны қашық Шығыс Түркістандағы ұйғырларды
бағындырды. Осы кезде монғолдар қырғыз, бурят, ойрат секілді Оңтүстік және
Орталық Сібірді жайлаған бірталай елдеріне дүрк тиді. Бір мың екі жүз он бірінші
жылы Шыңғыс қалың қолмен Қытайға аттанды. Үш жыл соғысып ақырында
Пекинді алды. Енді Шыңғысхан екі жүз мың әскермен Орта Азияға бет бұрды.
Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұрарлықтай әскері болғанмен, бетпе-
бет келіп айқасудан бас тартып, бар күшін жеке қалаларын қорғауға бөлшектеді.
Соның салдарынан Шыңғыс әскері Хорезм, Самарқант, Мерв, Бұқар —
бәрін
жеке-жеке шапты. Бұл оған Орта Азияның бар әскерімен қан майданда бетпе-бет
кездесуден жеңіл түсті. Бір мың екі жүз он тоғызыншы жылдан бастап үш жылдың
ішінде Шыңғысхан әскері бүкіл Орта Азияны өзіне бағындырды. Орта Азия
халықтары басқыншыларға қарсы сан рет көтерілді, бірақ монғол хандары
олардың көтерілісін қан-жоса етіп, басып тастап отырды.
Осы жылдары Жошы әскері қазақтың көп жерін алып, Ертіс, Есіл, Тобыл, Нұра
өзендерінен өтіп Ұлытауға келіп туын тікті. Орта Азияны шауып болғаннан кейін,
Шыңғысхан Қыпшақ елімен шекаралас Шығыс Европаны жаулап алуға кірісті.
Жебе мен Сүбітай баһадурлар басқарған отыз мың әскер бір мың екі жүз
жиырма екінші жылы солтүстік Иран арқылы Азербайжанды қанға бояды. Енді
кезек грузиндікі болды. Бес миллионға жуық Грузия халқының жан аямай
қарсыласуына қарамай, Жебенің құрған айласының арқасында бір күннің ішінде
отыз
мың әскерін қырып, монғолдар солтүстік жағынан Дербентке таяды. Бұл
арадан өту оңай болмағандықтан монғолдар Ширван шахқа «Сендермен
бейбітшілік бітім істеуге бірнеше адам ғана келдік» деп кісі салды. Ширван шах
алдағанды білмей, басты он адамын жіберді. Монғолдар біреуін өлтіріп, қалған
тоғызына: «Егер де сендердің өлгілерің келмесе жолды көрсетіңдер» деді. Олар
қорыққанынан Дербенттің қиялы жартас, тұңғиық құзды, ыңғыл-жыңғылды ұры
сайлары арасымен монғолдарды аман-есен солтүстік Кавказға жеткізді. Солтүстік
Кавказда тұратын алан жұрты «монғолға бірігіп қарсы тұрайық» деп
Қыпшақтарды болысуға шақырды. Қыпшақтың қалың атты әскері аландарға келіп
қосылды. Монғолдармен үлкен айқас болды. Екі жағы тең түсті. Қайтадан ұрысқа
дайындалды. Алан мен Қыпшақты жеңе алмайтынына көзі жеткен монғолдар
Қыпшақтарға көп тартумен «сендер
бізбен қандас елсіңдер, аландар бөтен жұрт,
біз сендермен бітімге келеміз, оларға болысушы болмаңдар» деп кісі салды.
Монғолдың алтын-күмісіне қызыққан Қыпшақ батырлары аландарды тастап кейін
шегінді. Жалғыз қалған аландарды монғолдар қан-жоса етіп қырды.
1
Т а - т а (қытай тілі) — Монғолия мен Манчжурияның күншығыс жағындағы жауынгер ел. Нағашы жұрты болса
да Шыңғысхан жаулап алған, әйгілі татар деген сөз осыдан шыққан.