Сабақ тақырыбы: XVІІ- xvііі ғасырлардағы Қытай



Дата09.08.2017
өлшемі43,64 Kb.
#23014
түріСабақ
Пән: Дүние жүзі тарихы 8- сынып
Сабақ тақырыбы: XVІІ- XVІІІ ғасырлардағы Қытай.

Сабақтың мақсаты: Қытайды маньчжурлардың жаулап алуына себеп болған жағдайларды ашып көрсету.

Білімділік: XVІІ- XVІІІ ғғ. Цин империясының мемлекеттік,саяси-әлеуметтік құрылысына сипаттама беріп, жүргізген соғыстарының басқыншылық сипатына оқушылардың назарын аудару.Қазақ-қытай қатынастарында екі жақтың көздеген мақсатын анықтап,сауда байланыстарының екі ел үшін де тиімді болғанын көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың жүйелі ойлау қабілеттерін және сабақта өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға арналған жұмыстар беру.

Тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: баяндау,оқыта отырып түсіндіру, оқулықпен өзіндік жұмыс,кесте толтыру,тест, СКТ

Көрнекілік: карта «Орта ғасырлардағы Үндістан мен Қытай», сызба,кесте

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

  1. XVІІғ.империяның дамуы және оның құрамына кірген халықтардың жағдайы қандай еді?

  2. XVІІғ. Осман империясының жүргізген соғыстары, империяда дағдарыстың күшею себебі неде?

  3. Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы не айтасыңдар? Қалалар мен сауданың өркендеуі қалай жүрді?

  4. XVІІІ ғ. Осман империясының сыртқы саясаты және халық көтерілістері мен ұлт-азаттық қозғалыстарын тест жұмысы арқылы тексеру

  5. ІІІ Селим сұлтанның реформалары нені көздеді?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жоспары:



  1. Халықтың жағдайы.

  2. Қытайды маньчжурлардың жаулап алуы.

  3. Цин империясының мемлекеттік,саяси-әлеуметтік құрылысы.

  4. Цин империясының басқыншылық соғыстары.

  5. Қазақ-қытай қатытастары.

  6. XVІІ- XVІІІ ғасырлардағы Қытайда егіншілік пен сауданың дамуы.Қалалардың өсуі.

Негізгі оқиғалар:

1644 ж. - маньчжурлар Пекинде өкімет билігін қолына алды

1644-1912 жж. – Қытайдың Цин империясы деп аталуы

1755-1757 жж. – Жоңғар хандығын бағындырды

1759 ж. - Цин империясы Шығыс Түркістанды өзіне бағындырды

XVІІІ ғ.бірінші жартыснда Қытайдың қазақ хандықтарымен байланыс жасауы


  1. Ли Цзычэн басқарған шаруалар көтерілісін (1628-1644) оқулықтан оқып,сызба құруды тапсыру:

Шарулар көтерілісінің себептері:
Шарулар көтерілісінің нәтижесі:


  1. Нурхаци негізін қалаған маньчжур мемлекеті пайда болды

Мұрагері Абахай тұсында Цин (қытайша «таза») мемлекеті

деп аталады

Цин мемл. Қытай мемл. үлгісінде құрылды,атты әскерге

арқа сүйеді

Қытай, Монғолияға, Кореяға басқынш соғыст жүргізді,

8 қытай, 8 монғол әскерін жасақтады

1644ж. көктемде маньчжурлар мен У Саньгуй әскерлері бірігіп,

Ли Цзычэн басқарған шаруалардан Пекинді басып алады

1661ж дейін император Шанчжи басқарады

1644-1912жж. аралығында Цин империясы деп аталады





Цин империясының мемлекеттік,саяси-әлеуметтік құрылысы.


Боғдыхан (император)




Әскери кеңес

Императорлық әкімшілік

Ең жоғарғы мемлекеттік заңда құрылымдар



Провинцияны әкімдер басқарды

Провинция әкімдерін

император тағ-ды



Империя жері 18 провицияға бөлінді


Әлеуметтік саты

Маньчжурлар

(ерекше жағдайдағылар)


Басы бос қытайлықтар
Оқымыстылар (шэньшилер) егіншілер қолөнершілер саудагерлер
Кембағалдар

(әртістер,қарапайым қызметшілер,үй малайлары)



  1. Оқулықпен жұмыс: Оқушылар оқыған соң сұрақтар қою


ІV. Жаңа сабақты пысықтауға сұрақтар қою.

V. Бағалау

VІ.Үйге тапсырма: §8

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет