Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет65/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
128 
Жуанарық тұсы бір ғажап жер, арасы тар, күңгірт биік жартастар. Ортасында ақ 
көбік атқан, қазандай-қазандай тастарды түйіршіктей домалатқан арқыраған долы 
өзен. Суық, ызғарлы сұлулығымен тек ертегілерде ғана кездесетіндей адам 
баласын таң қалдырарлық бір ғажайып сурет. Осы жал-жал құздар арасынан 
солтүстік-күншығысқа қарай беттеген Қошқар деген өзенді қосып, Шу Ыстықкөл 
мен Күтемалды өзені арқылы ұлғайып, етегін жая Күнгей Алатаудың қойнауынан 
бұрқырай өтіп, солтүстік-күнбатысқа бұрылады. Бұдан кейін Шу Алатауды 
бөктерлей отырып, қырғыз жерін баса жолай Үлкен Кебін, Кіші Кебін секілді 
бірнеше өзендерді өзіне қоса, ақырында Мойынқұмның күншығыс жағынан барып 
шығады. Шу құмға жетісімен күнбатысқа қарай бұрылады. Енді бұрынғыдай емес, 
ағысы саябырлана түседі. Бөлшектене бастайды. Жағасын қалың қамыс басып, кей 
жері сорға айналады. 
Ақырында Сейхун дариядан бір көш жерде тұратын Саумалкөлге барып құяды. 
Бұл көлдің күнбатыс жағында бірімен-бірі ұсақ өзендер арқылы жалғасып жатқан 
бірнеше суы ащылы, тұщылы көлдер бар. Солардың ең үлкені Телікөл. Телікөлге 
қазақ даласын аралай кеп Сарысу құяды. Кей қарсыз жылдары Сарысу Телікөлге 
жете алмай, орта жолда Қызылжыңғыл маңайына барып құмға сіңіп жоқ болады. 
Шу өзенінің Мойынқұмды көмкере күнбатысқа бұрылатын сағасынан ауыл бес 
күн көшерлік жерде Көкше теңіз — Балқаш көлі бар. Телікөл айналасы желген 
атқа бір күндік жер болса, Көкше теңіз аумағын, ұшқан құс екі-үш рет қонбай 
айналып шыға алмайды. Ұшы-қиыры жоқ дала... Балқаш көліне үлкен бес өзен 
құяды: Іле, Лепсі, Ақсу, Қаратал, Аякөз. Іле, Лепсі, Ақсу, Қаратал өзендері басын 
Жоңғар Алатауынан алады да, Аякөз Тарбағатай қойнауынан шығады. 
Көне заманда, Қошан патшалығы кезінде, Шу өзені Сырдарияға құйған. Шуға 
сол жағынан Сарысу, оң жағынан Талас өзені келіп қосылған. Сол заманның 
өзінде Шудың Сырға құятын сағасында, Талас өзенінің бойында Сығанақ, Тараз; 
Яссен өзенінің жағасында Отырар қалалары болған. 
Исан-Бұғы хан Жәнібек пен Керейге қонысқа Моғолстан мен Түркістанның 
шекарасында жатқан Шу, Сарысу, Талас өзендерінің жағалауы мен Балқаш көліне 
келіп құятын Қаратал өзенінің бойын берді. Сөйтіп қазақ рулары бірден 
Моғолстанның солтүстік, солтүстік-батыс шеті мен Көкше теңіздің Шумен 
қатарлас тұсына ие болды. 
Қарашаның суық желі тұрмай, Жәнібек пен Керейге еріп көшіп келген екі жүз 
мың жанды қалың ел осы Шу, Сарысу, Таластың Жуанарықтан төменгі солтүстік-
батысына қарай созылған жағасына орналасты. Тек Жәнібек сұлтан мен оның 
балаларының ауылдары, қастарына мың шаңырақ төлеңгіттерін қосып, мұз қата 
Көкше теңіздің үстімен оңтүстік жағындағы Қаратал өзенінің бойына өтіп, сол 
тұсқа қыстау салды. Жәнібек сұлтанның бұнысы жер жетпегендіктен емес, әдейі 
көшу еді. Қаратал өзенінің ар жағында Аякөз өзені бойымен сонау Тарбағатай 
тауларының Қытай жеріне дейін созылған аймағын тегіс Найман, Керей, Уақ 
рулары жайлайтын. Қазақ руларының басын қосып жеке хан көтеріп, ел болуды 
арман еткен Жәнібек сұлтан Найман, Керей, Уақ руларымен іргелес отыруды жөн 
көрді. Бұнысы дұрыс та боп шықты. Ортаншы ұлы Қамбар батыр алғашқы 
аттанысында Тарбағатай тауының бойындағы қазақтарға барып қайтқанынан-ақ, 
Жәнібек сұлтанның қадірі бұл маңайға өсе түскен. Найман, Керей, Уақ рулары 
Жәнібекке өздерін бағынышты санай бастады. Сөйтіп ел боламыз деген қазақ 
рулары, осы алғашқы жылы-ақ, бір шеті Телікөлдің төменгі етегі болса, екінші 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
129 
шеті Тарбағатай тауының биік басына дейін құлаш созды. Қазақ елі осы жылы-ақ 
қанатын екі жаққа кере жайған алып қыранға ұқсай түсті. Жылқысы тебінге
түйесі қарағанға, сарығанға үйренген қазақ ауылдарына қыста қамысы қалың, 
қары жұқа Шу, Сарысу, Талас, Қаратал өзендері мен Балқаш Саумалкөл, 
Телікөлден артық қоныс керек емес-ті. Тек қамысында қаптаған қабаны, тым көп 
болмаса да ара-тұра кездесетін ала шұбар жолбарысы, тарғыл барысы ғана малға 
қауіпті еді. Бірақ көп кешікпей, аң тәсіліне еті үйренген қазақ жігіттері, бұл 
қауіптерді де жеңіп алды. Ақыра шапқан жолбарыс, сегіз қырлы сауыт бұзар 
жебенің көкірегінен барып қадалған қанжар ұшына шыдай алмай жер қаба 
құлады. Енді қамыстан адам емес аңның өзі қашты. 
Бұл қамысты өлкенің тағы да бір ғажайып ерекшелігі болатын. Қазақ 
руларының ежелгі кәсібі мал шаруашылығы. Көшсе — көлігі, сойса — соғымы.
Еті мен сүтін — ас, терісі мен жүнін киім етеді. Малы неғұрлым көп болса, 
соғұрлым тіршілігі жақсы. Сондықтан да қазақ «мал ашуы — жан ашуы» деп 
келеді. Ал малға керегі жер, жайылым. Қамысты Шу, Сарысу, Талас бойлары мен 
қар суынан жаратылған жүздеген тұнық, борықты тұщы көлдердің кең өңірлері 
қыстың күні жайлы болғанмен, малға жаз тым мазасыз, азабы тамұқтан кем 
тимейтін. Мал түгіл, адамға да қолайсыз. Көкек шыға бұл өлкені тұмандай 
қаптаған быжынаған сона, маса, бөгелек басады. Жан-жануарға жанын қоярға жер 
тапқызбайды. Осындай жағдай Қыркүйектің басына дейін созылады. Көне 
заманнан бастап бұл арада сонау Кіші Кебін өзенінің сағасынан төменгі 
Мойынқұмға дейін жаз бойы ешбір ел тұрмайды. «Қазақ қай бір сүтті қызын 
береді» дегендей, Исан-Бұғының да көшіп келген ағайынға бұл жерді бере 
салуының бір себебі осында еді. Бос жатқан жерді «жауың емес, досыңмын» деген 
қазақ руларынан аясын ба, мырзалық ете салған. 
Жәнібек пен Керей үш-төрт жыл өтпей-ақ жазғы жайлауын ойлай бастады. 
Қыруар елді өсіп келе жатқан бықыған малымен қайда апармақ? Рас, біраз жұрт 
осы уақытқа дейін Шу мен Таластың жоғарғы бойын өрлей Қошқар, Жуанарық 
өңіріне көшіп келді. Кей ауылдар Көкше теңіздің маңына да барды. Енді бүйте 
беруге болмайды. Сонда жайлауды қайдан табады? Наурыз бітпей биыл Көкше 
теңіз үстімен солтүстікке шығып алған Жәнібек ауылдары, көп ұзамай 
Мойындықұм маңайында қалған қалың елге келіп қосылған. Бұл кезде Жәнібек 
пен Керейдің қарамағындағы ел үш жүз мың үйге жеткен. Әбілқайырдың құрығы 
бұрын да мойнына түсе қоймаған Көкше теңіз маңындағы ел Жәнібекке тегіс 
бағынған. Әулиеата, Мерке маңайындағы Дулат пен Қоңыраттар да қос сұлтанның 
жарлығына мойын ұсынған. 
Міне, осы кезде жазғы қамын ойлаған елдің ақсақал, би, батырлары жиналып 
екі мәселені шешті. Бірі — жасының үлкендігін сыйлап Рабиуыл айының басында 
ақ кигізге көтеріп, Керейді қазақтың ханы сайлады. Екіншісі — жазғы жайлауы 
етіп Қара Кеңгір, Сары Кеңгір өзендерінен бастап Ұлытау, Арғынаты тауларының 
бойын қуалай, ортадағы Шойындыкөл, Ақкөл, Барақ көлді ала отырып, сонау, 
Есіл, Нұра өзендеріне дейін көшпек болды. Малына жайылым, өзіне пана керек 
жұрт «Әбілқайыр берсе қолынан, бермесе жолынан аламыз» деп атқа қонды. Қазақ 
руларының бұнысы көк шалғынды, саумал көлді ежелгі қонысын ел болып 
қайтадан өзі билеп, өзі төстеудегі алғашқы адымы еді. Бұған Әбілқайыр қарсы 
тұра алмады. «Қазақ елін құмға қашырып, қырып тастаңдар» деп жіберген он мың 
лашкарларының қолынан ханның бұйрығын орындау келмеді. Лашкарларды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет