Құрбанәлі
Әбдіхалықовтың
ақіреттік
сапарға
аттанғанына
жыл
өтіпті.
Ол
1952
жылы 23 қыркүйекте
Жаңақорған
ау
-
данында
дүниеге
келген.
Саналы
ғұмырында
туған
жер
топырағында
елге елеулі еңбек
етті.
Еңбек
жо
-
лын №224 орта
мектепте директордың шаруашылық
жөніндегі меңгерушісі, кейіннен Өзгент
кеңшарының
комменданты,
кадр
бөлімінің маманы ретінде қызмет етті.
Тоқсаныншы жылдардағы тоқырауда,
ауыл тұрғындарының еңсесін тіктеуде
әкеміздің
еңбегі
ерен.
Құрбанәлі
Әбдіхалықұлы кеңшардағы жанар-жағар
май базасының меңгерушісі ретінде
халықтың мұнай өнімінен тапшылық
көрмеуіне барын салып, алқалы қауым-
ның алғысы мен ризашылығына бөленді.
Күн-түн демей, өз кәсібіне адалдық та
-
нытты. Әрі шежіреші, тарихты терең
білетін білгірлігі мен азаматтығы оны
халыққа қадірлі етті.
Жары Орынкүл екеуі бес ұл, екі қыз
тәрбиелеп, өнегелі отбасы бола білді.
Бүгінде, олардан өрбіген немерелері
әжесінің сүйікті көз қуаныштары.
Қадірлі жан ең сыйлы болған халқыңа,
Өмірден өттің адал болған қалпыңда.
Тәубе айтып, шүкір дейміз Аллаға,
Ізіңді жалғар ұл-қызың бар артыңда.
Сәт сайын саған Құран бағыштап жүр,
Соңында қалған ұрпағың мен жарың да.
Топырағың торқа болып, әкешім,
Жаның жүрсін жұмақтың төр бағында.
Қадірлі қауым! Ардақты әкеміз
Құрбанәлі Әбдіхалықұлының
жыл-
дық асы 3 шілде (2-шілде қонақасы)
күні Өзгент ауылында И.Әбдікәрімов
көшесіндегі №15 үйде өтеді. Ағайын-
тума, құда-жекжат, барша жамағатты
Құран ішінде болып, ниетімізге ортақ-
тасуға шақырамыз.
Асқа шақырушы:
Жұбайы Орынкүл және ұл-
Достарыңызбен бөлісу: |