Климатты қалыптастыратын астрономиялық және геофизикалық
факторлар. Климатты қалыптастыратын энергетикалық факторлар. Жердің
солярлы климаты – атмосфераның жоғарғы шекарасына күн радиациясының
келуі. Жер бетіне күн радиациясының келуі. Жер бетінің радиациялық балансы.
Жер бетінің және Жер–атмосфера жүйесінің жылулық балансы. Жер бетінің
радиациялық және жылулық баланстар құраушыларының уақыттық
өзгерушілігі мен географиялық таралудың негізгі заңдылықтары. Әрекет ету
қабаты және оның климаттың қалыптасуына әсері. Климатқа қар және мұз
жамылғыларының әсері. Климатқа құрлық пен теңіздің таралуының әсері.
Атмосфераның жалпы циркуляциясы және олардың климат
қалыптасуында алатын орны
Атмосфераның жалпы циркуляциясының қасиеттері мен негізгі
ерекшеліктері. Басым болатын зональды циркуляцияның сипатты қасиеттері.
Тропосфера мен стратосферадағы зональды циркуляция. Циклондық әрекет,
жер бетінде қысым алқабы мен ауа циркуляциясы. Жылғалы ағыстар.
Атмосфераның
тропикалық
аумақтағы
циркуляциясы:
пассаттар,
конвергенцияның ішкі тропикалық аумағы, тропикалық циклондар.
Муссондық циркуляция. Тропикалық және тропикалық емес ендіктердің
муссондары. Планетарлық ұзын толқындар (Россби толқындары). Циклон мен
антициклондардың қайталанушылығы. Атмосфераның әрекет ету орталықтары.
Мұхиттың
жалпы
циркуляциясы
және
олардың
климат
қалыптасуында алатын орны
Әлем мұхитының негізгі ағыстары, мұхиттық ағыстармен жылудың
тасымалдануы. Эль-Ниньо және Ла-Ниньо құбылыстары. Әлем мұхитының су
температураларының ірі масштабты тербелістері. Солтүстік-Атлантикалық,
Солтүстік-Тынықмұхиттық тербелістер, олардың климаттың қалыптасуында
алатын орны. Арктикалық тербеліс және оның климаттың қалыптасуында
алатын орны.
Достарыңызбен бөлісу: