Атмосферада ылғалдың горизонтальды тасымалдануы. Атмосфераның
ылғалсиымдылығы. Атмосферадағы ылғалалмасу. Континенттерде ылғалдың
балансы. Ылғалалмасудың жартылай эмпирикалық теориясы.
Климаттардың жіктеуі
Ғылыми және қолданбалы есептер үшін климаттық жіктеудің маңызы.
«Классификация» мен «аудандастыру» түсініктерінің айырмашылығы.
Алғашқы климаттық классификациялар. Кёппен классификациясы, оның
жетістіктері мен кемшіліктері. Л.С. Бергтің ландшафты–ботаникалық
классификациясы. Генетикалық классификациялар (Б.П. Алисов, М.И. Будыко
және А.А. Григорьев).
Классификациялар нәтижесі бойынша жер шарының әр түрлі бөлігінде
климаттың негізгі сипаттамаларының таралуы.
Мезо- және микроклимат
Мезо- және микроклимат туралы түсініктер. Микроклимат атмосфераның
жерге жақын қабатындағы құбылысы ретінде. Рельефтің, өсімдіктің, су
қоймаларының және ғимараттардың микроклиматқа әсері. Қала мезоклиматы.
Үлкен қаланың температураның, бұлттылық пен жауын-шашынның таралуына
әсері.
Климаттың өзгеруі мен тербелістері
Климаттың өзгерушілігі, климаттың өзгеруі мен тербелісі. Климаттың
қазіргі кездегі табиғи және антропогенді өзгерулері. Жердің әрекетті бетінің
өзгеруі: урбанизация, атмосфераның аэрозольдық, газдық және жылулық
ластануы. Адам әрекетінің нәтижесінде СО
2
және басқа да кіші қоспалардың
концентрациясының өзгеруі. Болашақта климаттың өзгеруінің қазіргі кездегі
жобалары.
Достарыңызбен бөлісу: