Программа дисциплин по специальности 5В061200 метеорология



Pdf көрінісі
бет50/121
Дата13.09.2022
өлшемі1,09 Mb.
#149358
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   121
Байланысты:
5В061200-Метеорология

істей білуі тиіс
; атмосферада өтіп жатқан 
циркуляциялық процесстерді талдағанда 
компетентті
болу. 


«Климатология» курсын оқу үшін келесі пәндерден алынған мағлұматтар 
қажет: «Математика», «Жалпы метеорология», «Физикалық метеорология», 
«Синоптикалық метеорология». 
«Климатология» курсымен тығыз байланысы бар және онымен шектес 
пән: «Атмосфераны зерттеудің космостық әдістері». 
Студенттерде теоретикалық курстың негізгі қағидаларын бекіту үшін 
пәннің 
бағдарламасымен 
лабораториялық 
жұмыстарды 
орындау 
қарастырылған. 
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№ 
Тақырыптың аталуы 

Климатты қалыптастыратын негізгі факторлар
 

Атмосфераның жалпы циркуляциясы және олардың климат 
қалыптасуында алатын орны
 

Мұхиттың жалпы циркуляциясы және олардың климат 
қалыптасуында алатын орны
 

Температура алқабы және оны анықтайтын факторлар
 

Ылғалдық пен бұлттылық алқабы, олардың климаттың 
қалыптасуындағы рөлі
 

Климаттардың жіктелуі 

Мезо- және микроклимат
 

Климаттың өзгеруі мен тербелістері
 
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
«Климатология» пәнінің 
мақсаты:
климаттың қалыптасуы, өзгеруі және 
тербелісі; климаттың жіктелуі және олардың географиялық таралуы туралы 
студенттерге терең білім беру.
Пәннің негізгі мәселесі – Жер климатын қалыптастыратын физикалық 
процестер мен факторларды, Жерге келетін күн энергиясы атмосфера мен 
мұхиттың қозғалысының кинетикалық энергиясына ауысуын, жер шарының 
климатының географиялық таралуы қалай болатының оқыту. 
Климатологияның пәні болып астрономиялық және физико-географиялық 
жағдайлардың күрделі кешенінің әсерінен қалыптасатын атмосфералық 
процесстерді зерттеу табылады. Бұл процесстер теңіз бен құрлық бетінен 
жылумен 
және 
ылғалмен 
алмасу 
нәтижесінде 
ауа 
массаларының 
трансформациясын және оның жылжуын қалыптастыратын күн радиациясы 
әсерінен пайда болады. Климаттық жүйе деп атмосфера, гидросфера, 
литосфера, криосфера және биосфераны айтады. Климаттық жүйенің мүшелері 
әртүрлі физикалық қасиетке ие. Атмосфера мен гидросфераның физикалық 
қасиеттерінің әртүрлілігі, гидросфераға қарағанда, атмосфераның кейбір 
параметрлерінің кеңістіктік және уақыттық өзгерулері үлкен екенін анықтайды. 


Ол атмосфера, гидросфераға қарағанда, жылжымалы орта екенін білдіреді. 
Климаттық жүйенің компоненттері бір-бірімен күрделі сызықтық емес 
әрекеттесу күйінде болады, түзу және кері байланыста болады. Климаттық 
жүйеге сыртқы әрекеттесуді және де климаттық жүйенің мүшелері арасында 
негізгі 
әрекеттесуді 
анықтайтын 
физикалық 
механизмдерді 
климат 
қалыптастырушы факторлар деп атайды. 
Адамзаты бұрыннан климаттың сұрақтарымен қызыққан, өйткені 
климатпен адамның өмір сүру жағдайлары байланысты болған. XVI және XVII 
ғасырларда барометр мен термометрдің ойлап шығарылуы климатологияның 
дамуына әсер етті. XVII және XVIII ғасырларда климаттың алғашқы 
сипаттамалары пайда болады. XVIII ғасыр ірі географиялық ашылулар ғасыры 
болып саналады және олар климатты зерттеу үшін көп ақпарат берді. Э. Галлей, 
Дж. Хэдли Ұлыбританияда және М.В. Ломоносов Ресейде атмосфералық 
циркуляцияның климатқа әсер етуі туралы бірінші ой-пікірлерін айтады. 
Климатологияның дамуында ең ірі этап болып орталық метеорологиялық 
ұйымдардың құрылуы табылады. Соның бірі болып 1849 жылы Петерборда 
ашылған Бас физикалық обсерватория әлемдегі ең бірінші орталық 
метеорологиялық ұйым болып саналады. Метеорологиялық бақылау 
мәліметтері жиналған сайын кейбір жеке климаттық көрсеткіштердің 
географилық таралуын сипаттауға тырысқан. Жер шарының ең алғашқы 
изотермалар картасын 1817 жылы 57 метеостанциялар мәліметтері негізінде А. 
Гумбольдт құрастырған. Климатологияға картографиялық әдістің енгізілуінің 
маңызы өте зор, өйткені метеорологиялық элементтердің таралуында негізгі 
заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Климатологияның дамуына үлкен 
үлесін экспедициялар да қосты. Аэрологиялық бақылаулардың дамуы еркін 
атмосфераның климатын зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл зерттеулер біздің 
климат туралы көзқарасымызды өзгертіп, оны кеңістікте зерттеуге үлкен 
мүмкіншілік берді. 
Югослав 
астрономы 
М.Миланкович 
30-40-жылдары 
климаттың 
өзгеруінің теориясын шығарды, ол өзгеруді Күннен келетін күн энергиясының 
маусымдық қайта таралуымен байланыстырған. 
Климат теориясының қалыптасуында совет ғалымы М.И. Будыконың 
және АҚШ-та жұмыс істеген жапон ғалымы С.Манабенің жұмыстары негізгі 
рөлді атқарды. Заманауи дәуірде климаттың өзгеруінің концепциясы жанған 
отын атмосфераны парниктік газдар деп аталатын газдармен (СО
2
, СН
4
, О
3

N
2
O, фреондар және т.б.) қоректенуіне болысады деген ойда негізделген. 
Бірнеше онжылдықтар бойы М.И. Будыко және С.Манабе климаттың 
антропогендік жылыну концепциясының көшбасшылары болды. 
Заманауи климатологияның үлкен ұйымдастыру жетістігі болып 
климаттың 
өзгеруі 
бойынша 
Үкіметаралық 
эксперттер 
тобының 
(Intergovernmental Panel on Climate Change) құрылуы табылды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет