Монография центр уйгуровед 13112019. indd



Pdf көрінісі
бет89/108
Дата15.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149617
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   108
Байланысты:
2019 УЙГУРОВЕДЕНИЕ В КАЗАХСТАНЕ И ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ, АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ, СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ - материалы конференции(отв.ред. А.Б. Дербисали, Р.У. Каримова)

273
Халминам Масимова, 
/Алматы қ., Қазақстан Республикасы/
ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРДЕГІ СӨЗ ЖАСАУШЫ 
ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Жазба ескерткіштер – қай халықтың болмасын өткен тарихы, мə
-
дениеті, əдебиеті, тілі, тұрмыс-тіршілігі, дінінің өткен тарихынан 
мəлімет алуға мүмкіндік беретін асыл мұрасы. Уақыт өткен сайын 
тілдің дамуы тамырының тереңдігімен де өлшенеді. Сондықтан тілді 
білу үшін əуелі түпкі тамырын зерттеп, тарихын білу – бүгінгі ұр
-
пақтың еншісі.
Түркі халықтарының бізге келіп жеткен мұралары аз емес. Біздің 
қазіргі тіліміздің пайда болу, өсу, дамуының заңдылықтарын, қалып
-
тасу жолдарын білу үшін жазба ескерткіштерінің тілін жан-жақты 
зерттеп, қазіргі ана тілімізге қатысы қанша екендігін анықтау қажет.
Түпнұсқада сақталып бүгінгі күнге жеткен тарихи жазба мұрала
-
рымызды жан-жақты зерттеуді қажет ететін осындай ескерткіштер 
– ХVІІІ ғасырдан ХІХ ғасырда жазылған шығыстүркістандық жазба 
ескерткіштер болып есептеледі.
Бұл жазба ескерткіштер тілі орта ғасырлардағы жазба тіл мен 
қазіргі ана тілімізді байланыстыратын маңызды саты болып табыла
-
ды. Ескерткіштердің нақты тілдік ерекшеліктерін зерттеу ескі түркі 
тілдері мен жаңа түркі тілдерінің тарихи байланысын анықтауда, сон
-
дай-ақ қазіргі ұйғыр əдеби тілінің қалыптасу, даму барысын айқын
-
дауда маңызы зор. Шығыстүркістандық жазба ескерткіштердің тілін 
орта жəне қазіргі ұйғыр тілімен салыстыра отырып, ескі ұйғыр жаз
-
ба əдеби тілі мен қазіргі ұйғыр əдеби тілі арасындағы сабақтастық 
ескерткіштер мəтініндегі сөз жасаушы журнақтардың ерекшеліктері 
негізінде қарастырылады. 
Түпнұсқада сақталып бүгінгі күнге жеткен тарихи жазба мұрала
-
рымыз сирек те болса кездеседі. Солардың ішінде ортағасыр жазба 
əдеби тілінің ескерткіштері – ХVІ ғасыр мұрасы «Шыңғыс-наме» 
жəне ХІХ ғасыр мұрасы «Тəварих-и мусиқиун» трактаты болып есеп
-
теледі. «Шыңғыс-наме» ескерткішін зерттеуде Қазақстан ғалымда
-


274
рынан шығыстанушы В.П. Юдиндың еңбегі ерекше. В.П. Юдиндың 
еткен еңбегі негізінде Ю.Г. Баранова жəне М.Х. Әбусейітова қолжаз
-
баның факсимиле, аударма жəне транскрипциясын алғаш рет 1992-
жылы жариялады
1
.
2004-2006 жж. арналған «Мəдени мұра» атты мемлекеттік бағдар
-
лама аясында Шығыстану институты Ұйғыртану орталығының линг
-
вист-мамандары тарапынан «Шыңғыс-наме» ескерткішінің алғаш рет
көрсеткіш-сөздігі түзіліп баспадан шықты
2

Проза жанырында жазылған шығармалар мəтіні поэзия жанрында 
жазылған шығармалар мəтінінен тіл ерекшеліктері бойынша ерек
-
шеленеді. Сондықтан «Шыңғыс-наме» ескерткіші ХVІ ғасыр түркі 
тілінің, «Тəварих-и мусиқиун» трактаты ХІХ ғасыр ұйғыр тілінің про
-
за жанырында жазылған шығарма ретінде тіл білімінде жан-жақты 
зерттеуді талап етеді. Осы махсатқа орай төменде «Шыңғыс-наме» 
жəне Шығыстүркістандық жазба ескерткіштерінің тіліндегі сөз туды
-
рушы жұрнақтардың грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Бұл ескерткіштер тілі орта ғасырлардағы жазба тіл мен қазіргі түр
-
кі тілдерін байланыстыратын маңызды саты болып табылады. Ескерт
-
кіштердегі жұрнақтарды есім сөз жасаушы жұрнақтар жəне естістік 
жасаушы жұрнақтар деп бөлуге болады.
Ескерткіштердегі есім сөз жасаушы жұрнақтар. Ескерткіштер 
тілінде зат есімдер негізінен морфологиялық жəне синтаксистік тəсіл
-
дер арқылы жасалады. Зат есімдердің негізгі бөлігін морфологиялық 
тəсіл арқылы, яғни түбір немесе негізге сөз тудырушы жұрнақтардың 
жалғануы арқылы жасалған зат есімдер құрайды. Ескі ұйғыр тілінде 
жазылған Шығыстүркістандық жазба трактатында кездесетін зат есім 
тудырушы жұрнақтар қазіргі ұйғыр тіліндегі зат есім тудырушы жұр
-
нақтардан айтарлықтай ерекшеленбейді.
Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған сөздердің мағынасы 
түбір сөздің мағынасы негізінде құрылады. Ескерткіштер тіліндегі 
1
Утемиш-хаджи. Чингиз-наме (Факсимиле, перевод, транскрипция, тек
-
стологические примечания, исследование В.П. Юдина. Подготовила к изда
-
нию Ю.Г.Баранова. Комментарии и указатели М.Х. Абусеитовой. –Алма-Ата., 
1992.
2
Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ІІІ том. Өтеміс Қажының 
«Шыңғыс-намесі» тілінің көрсеткіш-сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. 
–304 б.


275


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет