алдындағы тері астылық қап, bursa prepatellaris subcutanea, тереңдеу
тізе тобығы шандырының астындағы қап,
bursa prepatellaris subfa-
scialis, ақырында, тізе тобығы сіңірінің астындағы қап,
bursa
subtendinea prepatellaris. Lig. patellae төменгі бекитін жерінде, осы
байлам мен асықты жілік арасында тұрақты, буынмен қатынаспайтын,
синовиалды қап, bursa infrapatellaris profunda, бастама алады. Буынның
артқы аймағында қаптар барлық дерлік бұлшықеттердің астында
кездеседі. Тізе буынында бүгу, жазу, айналдыра бұру қимылдарын
жасауға болады. Ол сипаты жағынан айдаршық буын болып табылады.
Тізені жазып тікейтетін кезде менискілер қысылады, ligg. collateralia et
cruciata қатты керіледі де, сирақ санмен бірге қозғалмайтын біртұтас
құрылымға айналады. Тізені бүккен кезде менискілер жазылады, ал lig.
collateralia олардың беку нүктелерінің жақындасуы арқасында босайды,
соның салдарынан тізе бүгілгенде вертикалді білік төңірегінде
айналдыра қозғалту мүмкін болады. Сирақты ішке қарай айналдыр-
ғанда кресттәрізді байламдар қозғалысты тежейді, ал сыртқа қарай
айналдырғанда, керісінше, кресттәрізді байламдар босайды. Бұл
жағдайда қозғалыс бүйір байламдары әсерінен шектеледі. Адамның тізе
буынының құрылысы мен байламдарының орналасуы оның ұзақ уақыт
тік қалыпта болуына мүмкіндік туғызады. Ал маймылдарда тізе буыны
байламдары, керісінше, тік қалыпта тұруды қиындатып, жүресінен
отыруды жеңілдетеді.
Тізе буыны аймағының рентгенограммаларында бір уақытта ортан
жіліктің дисталды бөлімінің, сирақ сүйектерінің проксималды бөлімінің,
тізе тобығының, сондай-ақ art. tibiofibularis кескіндері алынады. Art. genus
“рентгендік буын саңылауы” адамның бүкіл сүйек-буын аппаратындағы ең
кеңі болып табылады, өйткені ол, нағыз анатомиялық буын саңылауы мен
буындық шеміршектерінен басқа, шеміршекті менискілерге де сәйкес
келеді. Рентгенограммада ортан жілікітің дисталды бөлімі мен сирақ
сүйектерінің проксималды бөлімінің барлық анатомиялық бөлшектерін
ажыратуға болады. Бүйірден түсірілген суреттерде тізе буыны көрінісі
қырынан көрінеді: сол себепті ортан жілік айдаршықтары мен айдар-
шықүстілері және сирақ бір-біріне проекцияланып қабаттасады.
Достарыңызбен бөлісу: