105
с у р е т Ж ам бас астауы
с ү й е к г е р ін ін к осы лы стары ж о н е он
ж ак урш ы к буы н ы . (б уы н капш ы -
f ыны н б ір б ө л іг і алы ны п
т а стал ган ). Л рты нан ж ә н е б ү й ір ін е н
қ араган дагы к ө р ін ісі.
1
lig . ilio lu m b a le ; 2 for. isch ia d icu m
m ajus; 3
cap u t o s s is fem o ris; 4
lig.
ilio fe m o r a le ; 5 - zo n a orb icu laris; 6 -
lig . isc h io fe m o r a le ; 7 - for. isc h ia d ic u m
m in u s; 8 - lig . sacrotu b erale; 9 - lig.
sa c ro sp in a le .
ортан жілік мойны сынғанда бүл
қабықша
сақталса, жілік басы
жансызданбайды.
Үршық буыны шектеулі типті
шартәрізді буындарға (тостаған-
тәрізді буын) жатады, сондықтан
шартәрізді
буындағыдай
өте
алуан түрлі болмаса да, басты үш; фронталды, сагитталды және
вертикалды біліктер төңірегінде қозғалыстар жасауға мүмкіндік береді.
Айналма қозғалыс, circumductio, жасай алады.
Фронталды білік айналасында аяқ бүгіліп, жазылады. Бүл екі коз-
ғалыстың ең үлкені - артқы жағынан ортан жілік мойнына бекітілмейтін
фиброзды қапшықтың керілу күшінің болмауы арқасында бүгілу. Тізе
бүгілгенде ол бәрінен көп (118-121°), сондықтан барынша бүгілгенде
аяқ ішке жанасуы мүмкін; тізеден жазылған аяқтардың қозғалысы аздау
(84-87°), өйткені оны ортан жіліктің артқы жағындағы бұлшықеттердің
керілуі тежейді (олар тізе бүгілгенде босаңсиды). Алдын ала бүгілген
аяқ тік (вертикалды) қалыпқа дейін жазылады.
Одан арғы артқа қарай
қозғалыс тым аз (19° шамасында), өйткені оны керіліп-тартылатын lig.
iliofemorale, тежейді; бүған қарамастан аяқты одан әрі жазсақ, бүл
үршық буынында басқа жақтың бүгілуі есебінен болады. Сагитталды
білік төңірегінде аяк (немесе екі аяқты да латералды жақтарға қарай
әкетіп ажыратқанда) ортаңғы сызықтан алыстатылады және кері
қозғалыс арқылы жақындатылады. Аякты талтайту 70-75° -қа дейін
мүмкін. Вертикалды білік төңірегінде аяқ ішке және сыртқа қарай
айналады, оның көлемі 90°-қа тең.
Негізгі үш айналу біліктеріне сәйкес
буынның сыртқы байламдары
орналасады.
1.
Lig. ileofemorale буынның алдыңғы жағында орналасқан. Ол үшы
арқылы spina iliaca anterior inferior-ға, ал кеңейген негізі аркылы Ііпеа
intertrochanterica-ға бекиді (105-сурет). Ол жазылуды тежеп тік жүрген
ксзде дененің артқа қүлап кетпеуіне себеп болады. Адамда бүл
207
байламның барынша дамуы осыған байланысты, ол адам денесіндегі
байламдардың ең мықтысы, 300 кг салмаққа төтеп береді.
2. Lig. pubofemorale қасаға сүйегінен кішкене ұршыққа қарай созыла
және буын қапшығына қосыла өрлеп, буынның медиалды-төменгі
жағында орналасады.
3. Lig. ischiofemorale шонданай сүйегі аймағында буынның артынан
acetabulum
жиегінен басталып, ортан жілік мойны үстінен қапшыққа
қосыла өрлей, үлкен ұршықтың жиегінде аяқталады. Ол ортан жіліктің
ішке қарай айналуына кедергі жасап, lig. iliofemorale-нің латералды
бөлігімен бірге түсіруді тежейді.
4. Дөңгелек аймақ, zona orbicularis сипатталған бойлық байлам-
дардың астында буын қапшығының терең қабаттарынан
бастама алған
талшықтар ортан жіліктің мойнын ілмек түрінде қаусырып, spina іііаса
anterior inferior астында сүйекке бітісіп-өседі. Zona orbicularis-тің
дөңгелектене орналасуы ортан жіліктің айнала қозғалуына сәйкес
келеді.
Тірі адамда байламдар шегіне жете керіліп-тартылмайды, өйткені
буын шеңберіндегі бұлшықеттердің кернеуі оны тежейді.
Байламдардың көптігінен, ұршық буынының
буын беттерінің иық
буынымен салыстырғанда тым қисықтығы мен конгруенттігінен бүл
буынның қозғалысы иық буынына қарағанда шектеулі, бұл осы буында
көбірек орнықтылықты қажет ететін аяқтың қызметіне байланысты.
Буын қозғалысының шектеулілігі мен беріктігінен бұнда иық буынына
Караганда буынның тайып кетуі аздау кездеседі.
Түрлі проекцияларда жасалған ұршық буынының рентген сурет-
терінде бір мезгілде жамбас сүйегі мен ортан жіліктің кескіні барлық
анатомиялық бөлшектерімен қоса алынады.
Буын ойығы рентгенологиялық тұрғыдан түбі және қақпағы деп
бөлінеді. Ойық түбі медиалды жағынан конустәрізді ақшылмен
(“көзжасы фигурасы”) шектелген, ол буын ойығының қақпағы (fossa
acetabuli-дің жоғарғы жиегі) дөңгелектелген,
патологиялық жағдай-
ларда ол сүйірленеді. Рентгенограммада буын басы, caput femoris,
шартәрізді пішінді және контуры тегіс. Бұған fovea capitis femoris
жатпайды, онда бүдыр жиекті шұңқыр байқалады: оны сүйектің бұзылу
ошағы деп шатасып қалмау керек. Ортан жіліктің ұршықты ойыққа еніп
тұрған басы мен acetabulum арасында “рентгендік буын саңылауьГ
айқындалып түратыны көрінеді.
Жыныстық, жасқа және дене бітіміне байланысты ерекшеліктер
туралы ой-пікір айтуға келгенде ортан жіліктің мойыны мен диафиз
арасындағы бұрышты есепке алудың маңызы күшті. Тірі адамда бүл
бұрышты рентген сәулесі көмегімен анықтауға болады.
Ересек ер
адамда ол 130°-135° аралығында, балаларда үлкендеу, қарттарда
кішілеу, еркектерге қарағанда, әйелдерде кішілеу болады.
Достарыңызбен бөлісу: