ғы жағында параболатәрізді-байланысқан бойлық күмбездер аяқ
ұшының көлденең күмбезін түзеді. Сүйекті күмбездер оларды түзетін
сүйек, бұлшықет, шандырлар арқылы пішіндерін сақтайды, сонымен
бірге бұлшықеттер күмбезді ұстап тұратын белсенді “құлыпшалар”
болып табылады. Атап айытқанда, аяқ ұшының көлденең күмбезін
табанның байламдары, қиғаш орналасқан m. peroneus longus, т . tibialis
posterior сіңірлері және т . adductor hallucis көлденең басы сүйеп
тұрады.
Бойлық орналасқан бұлшықеттер аяқ ұшын қысқартады, ал қиғаш
және көлденең орналасқан бұлшықеттер оны ұзартады. Бұлшықет-
сырғыма құлыпшалардың осындай екіжақты әрекеті аяқ ұшының
жүрісті серпімді де серпінді ететін күмбезді пішінін сақтайды. Бұл
сипатталған аппарат нашарлағанда күмбез аласарып, табан жалпайып,
құрылысы өзгеріп, жалпақтабандылық (тобанаяқ) пайда болуы мүмкін.
Дегенмен күмбезді (аяқтың үстін) сақтауда пассивті факторлар да
(сүйектер мен байламдар) активті факторлардан (бұлшықеттер) артық
болмаса, кем қызмет атқармайды.
Достарыңызбен бөлісу: