қарама-карсы жақтарда орналасқан ең кемі екі бүлшыкет керек. Өзара
карама-қарсы бағытта кимылдайтын мүндай бүлшыкеттер анта-
гонистер деп аталады. Әрбір бүгілу кезінде бүккіш бүлшыкет кана емес,
міндстті түрдс жазғыш бұлшыкет те кимылдайды, ол біртіндеп бүккіш
бүлшықетінің ыңғайына көшіп, оны тым катты жиырылудан сактайды.
Сондыктан бүлшықеттердің антагонизмі (карама-карсылығы) қимыл-
дың бірқалыпты және үйлесімділігін камтамасыз етеді. Сөйтіп, әрбір
қозғалыс антагонистер әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Антагонистерден өзгеше, теңдестірушілері бір багытта өтетін
бүлшыкеттер агонистер немесе синергистер деп аталады. Қозғалыс
сипатына және оған қатысатын бүлшықеттердің функционалдык
комбинациясына қарай, бір бүлшыкеттің өзі бірде антагонист, бірде
синергист ретінде қимылдауы мүмкін.
Бұлшықеттердің нақты буынының айналу білігіне анатомиялык
қатынасымен анықталатын олардың қарапайым кызметінен басқа тірі
организмде байқалатын бүлшықеттердің функционалдык күйінің
өзгеріп отыратынын ескеру кажет. Ол өзгерістер дене мен оның
бөліктерінің қалпын сақтауға және қозғалғыш аппаратына түсетін
статикалық
жүктеменің
үнемі
өзгеріп
отыруына
байланысты.
Сондықтан бір бұлшықеттің өзі дененің немесе қасына әрекет ететін
дене бөлігінің қалпына және тиісті қозғалыс актісінің фазасына карай өз
қызметін өзгертіп отырады. Мысалы, трапециятәрізді бүлшықет колды
горизонталды қалыптан жоғары көтергенде жоғары және төменгі
шеттерімен оған түрліше қатысады. Мәселен, колды көтергенде
трапеция тәрізді бұлшықеттің аталған екі бөлігі бүл қимылға белсене
қатысады, содан кейін (120°-тан жоғары қарай көтергенде) оның
төменгі белсенділігі тоқталады да, ал жоғарғы бөлігінің белсенділігі
қолды вертикалды қалыпқа көтергенше жалғаса береді. Қолды
бүккенде, яғни оны алға қарай көтергенде, трапециятәрізді бұлшық-
еттің төменгі бөлігі онша белсенділік көрсетпейді, ал 120°-тан жоғары
көтергенде белсенділігі едәуір артады.
Тірі организмнің жекелеген бұлшықеттерінің функционалдык күйі
туралы мүндай тереңдеу және дәлдеу деректер электромиография
әдісінің көмегімен алынады.
Достарыңызбен бөлісу: