Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


Б ұ л ш ы қ е т т е р д ің ж ік т е л у і



Pdf көрінісі
бет258/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   342
Байланысты:
анатомия

Б ұ л ш ы қ е т т е р д ің ж ік т е л у і. 
Сансыз көп бүлшықеттердің (олар 
400-ге жуық) пішіні, қүрылысы, қызметі жене дамуы эр алуан болады. 
Пішіні жағынан бүлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп бөледі. 
Үзын бұлшықеттер қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан
234


1 1 7 - с у р е т. Б ұл ш ы қ ет тер дің т ү р л ер і.
А
ү р ш ы қ т ә р із д і. Б 
ек і басты . В 
екі қары нш алы . Г т а с п а т ә р ізд і. Д - қос
қ ауы р сы н ды . Е 
б ір қауы р сы нды .

caput; 2 - ven ter; 3 
cauda; 4 - аралы қ сің ір ; 5 
in te r se ctio tin d in ea.
көбіне қол-аяқтарда кездеседі. Олар үршық пішінді, сонымен бірге 
олардың ортаңғы бөлігі қарынша, venter, бүлшықеттің басталатын 
жеріне сәйкес келетін бір шеті - басы, caput, ал екінші шеті - құйрық, 
cauda деп аталады. Үзын бұлшықеттердің сіңірі - tendo, жіңішке таспа 
тәрізді болып келеді (1 17-сурет).
Үзын бұлшықеттер түрлі сүйектерден бірнеше баспен (көпбасты) 
басталады, бұл олардың тірегін күшейтеді. Екібасты, biceps, үшбасты, 
triceps және төртбасты, quadriceps, бұлшықеттер болады. Әр текті немесе 
бірнеше миотомдардан дамыған бүлшықеттер қосылып-тұтасқанда 
олардың арасында аралық сіңірлі дәнекерлер, intersecciones tendineae 
қалады. Мүндай бүлшықеттердің (көпқарыншалы) екі (мысалы, m 
digastricus) немесе одан көп (мысалы, m. rectus abdominis) қарыншалары 
болады. Бұлшықеттер аяқталатын сіңірлердің саны да өзгеріп отырады. 
Мәселен, қол мен аяқтың бүккіш және жазғыш бұлшықеттерінде 
бірнешеден сіңір (4-ке дейін) болады, сол себепті бір бұлшықет 
қарыншасының жиырылуы бірден бірнеше саусаққа қозғалу эффектісін 
беріп, сол арқылы бұлшықеттер жұмысын үнемдеп жасауға қол жетеді.
Жалпақ бұлшықеттер негізінен тұлғада орналасқан және оның 
жалпақ сіңір немесе апоневроз, aponeurosis, деп аталатын сіңірі болады.
Бүлшықеттердің басқа пішінділері де болады: шаршы ( т .
quadratus), үшбүрышты (m. triangularis), пирамидалық ( т . pyramidalis), 
дөңгелек (жүмыр) ( т . teres), дельтатәрізді (m. deltoideus), тісті ( т . 
serratus), қамбалатәрізді (m. soleus) және т.б.
235


Талшықтардың атқаратын қызметіне байланысты бағыты бойынша 
талшықтары тік параллелді (m. rectus), қиғаш (m. obliquus), көлденең 
( т . transversus), дөңгелек ( т . orbicularis) орналасқан бұлшықеттер 
болады. Соңғы бұлшықеттер тесікті қоршап тұратын қысқыш немесе 
сфинктер түзеді. Егер қиғаш талшықтар сіңірге бір жағынан 
байланысатын болса, он да бір қауырсынды бұлшықет түзіледі. 
Талшықтардың сіңірге ерекше қатынасы жартылай сіңірлі (ш. 
semitendinosus) және жартылай жарғақты (m. semimembranosus) 
бұлшықеттер де байқалады.
Бұлшықеттер қызметі жағынан бүккіштер (flexores), жазғыштар 
(extensores), 
әкелушілер 
(adductores), 
әкетуіпілер 
(abductores), 
айналдырушылар (ratatores), ішке (pronatores) және сыртқа қарай 
айналдырушылар (supinatores) деп бөлінеді.
Бұлшықеттер буындарға (бір, екі немесе бірнешеу) қатынасы 
бойынша бір, екі немесе көпбуынды деп аталады. Үзындау келетін 
көпбуынды бұлшыкеттер бірбуынды бұлшықеттерге қарағанда беткей 
орналасады. Орналасу жағдайына қарай бұлшықеттер беткей және 
терең, сыртқы және ішкі, латералды және медиалды деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет