Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н д а г ы а н а т о м и я г ы л ы м ы н ы ң п а й д а
б о л у ы м е н д а м у ы 1.
Қазақстанда медицина ғылымының ішінде
морфологияның өсу жолдары, республикадағы медициналық жоғары
оқу орындарының ашылуына байланысты. Ең тұңғыш медицина
институты 1931 жылы Алматыда ашылды. Оның бірінші ректоры
болып қазақ халқының ең адал ұлдарының бірі
Санжар Жапарулы
1 “Архив анатомии, гистологии” деген ғылыми журналдың 1972 жылғы 12
нөмірінде А.Р. Рақышевтің “Қазакстанда морфология гылымының дамуы” деген
еңбегінде республикамыздағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия
гылымдарының өсу жолдары толығырақ келтірілген.
29
18 - сурет.
С. Ж. Аспендияров
(1889-1938)
19 - сурет.
X. Досмухамедов
(1883-1939)
Аспендияров
(1889-1938) тағайындалады. Ол 1907 жылы Ташкенттегі
“Реальное училищені” бітіргеннен кейін Петроградтағы әскери-
медициналық академияға оқуға түседі. 1912 жылы академияны бітір-
геннен соң полк дәрігері ретінде шекаралық соғыстық қорғаныста
жұмыс істейді.
1919-1920 жылдары Түркістан аймағының денсаулық халық комис
сары, 1921-1922 жылдары Мәскеуде ұлт мәселесі бойынша халық
комиссариат кеңесінің коллегия мүшесі болды. Профессор С. Ж. Аспен
дияров 1927 жылы Мәскеудегі Н. Нариманов атындағы шығыстану
институтының ректоры болып жұмыс атқарады. Оның орыс, ағылшын,
неміс, француз және араб тілдерін білгендігі оның көптеген ғылыми
және педагогикалық институттармен араласып қызмет етуіне көмегін
тигізеді. Ол Қазақстандағы педагогикалық және медицина институт-
тарының бірінші ректоры.
1938 жылы жалған жала жабылуы салдарынан репрессияға түсіп,
оны ату жазасына бұйырады. С. Ж. Аспендияровтың мемлекетке,
ғылымға және халық ағарту ісіне жасаған үлкен еңбегі үшін Қазақстан-
ның Министрлер кеңесі 02.01.1996 жылғы қаулысымен Алматының
мемлекеттік медицина институтына оның аты берілді.
Халел Досмухамедов (1883-1939), профессор, қоғам қайраткері.
1909 жылы Петроградта әскери-медициналық академияны алтын
медалмен бітіреді. Қазақ халқының тарихына қатысты көптеген қүнды
еңбектер жазады (“Жануарлар”, 1922-1928 жж., үш кітаптан түратын
“Исатай-Махамбет”, 1925; “Аламан”, 1926; т.б.). 1922 жылы “Адамның
тән тірлігі” деген кітабы жарыққа шығады. Онда адамның дене
30
20 с у р е т.
П. О. Исаев (1896-
1962)
21 с у р е т.
X. Н. Бөкейханов
(1889-1966)
Достарыңызбен бөлісу: |