сабауы және дененің басты лимфа кол-
лекторлары мен түйіндерінің анатомиясы”
деген еңбегі Мемлекеттік сыйлыққа ие
болды. Бұл жұмыста
көптеген зерттеулер-
дің нәтежелеріне сүйене отырып, лимфа
жүйесінің басты коллекторларының жасқа
байланысты, дара және дене бітімдік
ерекшеліктері берілген. Кейін бұл бағытты
оның шәкірттері дамыта түсті (А. В. Бори
сов, В. Н. Надеждин, М. Р.
Сапин және
т.б.).
В. Н. Терновский
(1888-1976) КСРО
Медицина ғылымдарының және Халы-
қаралық
медицина
тарихы
академия-
ларының академигі. Оның еңбектері нерв
жүйесінің анатомиясы бойынша жасалған
жұмыстарынан басқа,
анатомия тарихы
бойынша және Везалий мен Ибн Синаның
еңбектерін орыс тіліне аударуымен белгілі.
Н. К. Лысенков
(1865-1941) Одесса университетінің профессоры
адамның қалыпты құрылысын зерттейтін барлық негізгі анатомиялык
пәндерді:
қалыпты анатомияны, топографиялық және пластикалық
анатомияны зерттеумен байланысты, бұлар бойынша жетекші құ-
ралдар, оның ішінде “Адамның қалыпты анатомиясын” (В. И. Бушко-
вичпен бірге, 1932) жазды.
И. Ф. Иваницкий
(1895-1969) Москва дене тәрбиесі
институтында
анатомия кафедрасын ұйымдастырды, динамикалық және проекциялық
анатомия бойынша кең зерттеулер жүргізді, спорттық морфологияның
негізін салды, ал оны М. А. Джафаров, Б. А. Никитюк, Ф. В. Судзи-
ловский және т.б. ойдағыдай дамытуда.
Валерий Николаевич Мурат
(1900-1977) медицина ғылымдарының
докторы, профессор. Иркутск қаласында туылып,
Қазан қаласындағы
гимназияны бітіргеннен кейін, 1926 жылы Қазан университетінің
медицина факультетінде оқиды. Университет бітірген соң, Қазан
медицина институтындағы анатомия кафедрасының
ассистенті болып
істейді. Онда кафедра меңгерушісі В. Н. Терновскийдің, профессор
А. Н. Миславскийдің жетекшілігімен кандидаттық, докторлық дис-
сертациялар корғайды.
1944 жылы Қазан институтының кафедра меңгерушісі,
емдеу
факультетінің деканы болып көп жылдар еңбек етеді. 1962-1967
жылдары В. Н. Мурат Ленинградтағы әскери-медициналық акаде-
мияның анатомия кафедрасының меңгерушісі болып кызмет істейді.
Оның ғылыми-педагогикалық жұмыстары жоғары бағаланып, орден
және медальдармен марапатталып, Татарстанның
ғылым қайраткері
Достарыңызбен бөлісу: