Биологияда К. А. Тимирязев пен И. В.
Мичурин дарвинизмді дамытып, оны орга-
низмдерді түсіндіретін ғылымнан оларды
қайта өзгертетін ғылымға айналдырды.
Эволюциялық ілімнің бүлайша дамуының
әсерінен жекелеген құрылымдарды, олар-
дың дамуы және функциясына байла-
ныссыз сипаттаумен айналысып, табиғат
пен адамға сырттай қарап, әрекетсіз қаты-
нас
жасаған
сипаттамалық
анатомия
дағдарысқа ұшырай бастады. Оған бірінші
күйрете соққы берген Н. И. Пироговтан
кейінгі Ресейдің ең ірі анатомы функцио-
налдық анатомияның
негізін қалаушы
П. Ф. Лесгафт
(1837-1909) болды.
Организм мен ортаның бірлігі идеясына
сүйене және кейін пайда болған белгілердің
тұқым қуалауын мойындай отырып, ол дене
шынықтыру арқылы адам организміне мақсатты эсер ету мүмкіндігі
туралы қағиданы ұсынып, анатомияны дене тәрбиесі тәжірибесімен
байланыстырды. Ендігі жерде анатомия адам организміне әрекетсіз
сырттай қараудың орнына, белсенді әрекетті сипаттады.
П. Ф. Лесгафт эксперименты кеңінен қолданып, сонымен бірге тірі
адам анатомиясын зерттеуді насихаттап, алғашқылардың бірі болып
анатомияда рентген сәулелерін қолданды.
Материалистік философияға, организм мен ортаның, форма мен
функцияның бірлігі идеясына негізделген П. Ф. Лесгафтың барлық
еңбектері анатомиядағы жаңа функционалдық бағыттың іргесін қалады.
Өзінің озат көзқарастары үшін П. Ф. Лесгафт өмір бойы кертартпа
элементтермен патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырады.
П. Ф. Лесгафт жасаған анатомияның функционалдық багытын оның
тікелей шәкірттерімен ізбасарлары дамытты. Сөйтіп XX гасырдың
басында ¥лы Қазан социалистік революциясы қарсаңында Россияда
биология мен медицинаның деңгейі барынша жогары болды. Ана
томияда функционалдық, қолданбалы, эволюциялық сияқты бірнеше
бағыттар қалыптасты.
Қазан революциясы қарсаңында барлығы 13 ғана анатомия
кафедрасы болды. Оларды еліміздің аса ірі анатомдары басқарды,
олардың ішінен: В. М. Тонков (Петроград) Г. М. Иосифов (Томск),
В. П. Воробьев (Харьков), Д. Н. Зернов (Москва) айрықша көзге
түсетін.
Достарыңызбен бөлісу: