1. А л д ы ң ғ ы с а т ы л ы б ү л ш ы қ е т , т. s c a le n u s a n te r io r , III-VI мойын
омыртқаларының көлденең өсінділерінің алдыңғы төмпешіктерінен
басталып, I қабырғаның sulcus a. subclaviae алдында tuberculum m.
scaleni anterioris-іне бекиді.
2.
О р т а ң ғ ы с а т ы л ы б ұ л ш ы қ е т , т. s c a le n u s m e d iu s , барлық мойын
омырталарының көлденең өсінділерінің алдыңғы төмпешіктерінен
басталып, I қабырғаға, sulcus a. subclaviae-нің артқы жағына бекиді.
3.
А р т қ ы с а т ы л ы б ұ л ш ы қ е т , т. s c a le n u s p o s t e r i o r , үш төменгі
мойын омыртқаның артқы төмпешіктерінен басталып, II қабырғаның
сыртқы бетіне бекиді.
Қ ы з м е т і. Mm. scaleni тынысалу бұлшықеттер сияқты әрекет етіп,
жоғарғы қабырғаларды көтереді. Қабырғалар қозғалмай тұрғанда, екі
жағында жиырылып, омыртқа бағанасының мойын бөлігін алға қарай
иеді, ал олар біржақты жиырылғанда оны иіп, өз жағына қарай бұрады.
1. М о й ы н н ы ң ү з ы н б ұ л ш ы қ е т і, т. lo n g u s c o l l i , омыртқа
бағанасының алдыңғы бетінде екі жағынан бүкіл мойын және үш кеуде
омыртқаларының өн бойында жататын үшбұрыш тәрізді бұлшықет.
2.
Б а с т ы ң ү з ы н б ұ л ш ы қ е т і, т . lo n g u s c a p i t i s , алдыңғы
бұлшықеттің жоғарғы бөлігін жауып тұрады. Ill-VI мойын омырт-
қаларының көлденең өсінділерінен басталып, шүйде сүйектің pars
basilaris-іне бекиді.
3
ж ә н е 4 . Б а с т ы ң а л д ы ң ғ ы ж ә н е б ү й ір т ік б ү л ш ы қ е т т е р і ауыз
омыртқаның латералды массасы (алдыңғы) мен көлденең өсіндіден
(бүйір) шүйде сүйекке қарай созылып жатады.