жапырақшасымен бітісе-өсіп, мойынның ақ сызығын түзеді (ені 2-3
мм). Беткей жапырақша мойынның әрбір жартысында ақ сызықтан
артқа мойын омыртқалардың қылқанды өсінділеріне қарай жүреді. Өз
жолында m. sternocleidomastoideus et trapezius-пен кездесіп, ол екіге
бөлініп, оларды екі жағынан қаусырып, қайтадан тұтасып, осы
бұлшықеттердің әрқайсысы үшін жеке-жеке шандырлы қынап түзеді.
Мойынның меншікті шандырының беткей жапырақшасы көлденең
өсінділердің үстінен өтетін жерде соларға бекиді; сөйтіп, бүкіл
шандырлы кеңістікті екі: алдыңғы және артқы бөлімге бөледі. Осылай
бөліну нәтижесінде кейбір іріңдеу үрдістері шандырлы кеңістіктің екі
бөлігінде бір-біріне байланыссыз жүреді.
Үшінші шандыр немесе мойынның меншікті шандырының терең
жапырақшасы,
lamina profunda fascia colli propriae,
тек мойынның
ортаңғы бөлігінде ғана m. sternocleidomastoideus артында орналасады,
ол жерде үстіңгі жағынан тіласты сүйегі, бүйірлерінен - екі mm.
omohyoidei, төменгі жағынан - бұғана және төспен шектелген
үшбұрышты кеңістікте трапеция түрінде керілген. Мойынның меншікті
шандырының терең жапырақшасы төменде төстің тұтқасы мен
бұғаналардың артқы жиегіне, ал беткей жапырақша олардың алдыңғы
жиегіне бекитіндіктен, мойынның меншікті шандырының беткей және
терең жапырақшалары арасында саңылау тәрізді кеңістік, spatium
interaponeuroticum suprasternale, түзіледі. Ол жерде борпылдақ шелмай
мен мойынның беткей веналары, arcus venosus juguli (мойындырық
веналық доғасы) жатады, бұлардың зақымануы өте қауіпті. Бұл кеңістік
бүйірлері жағынан recessus lateralis-пен m. sternocleidomastoideus-тің
төменгі шетінің артында ірің ағып келуі мүмкін тұйық қалтамен
жалғасады. Терең жапырақша екіге бөлініп және қайта бітісіп, тіласты
сүйегі астындағы бұлшықеттер (mm. sternohyoideus stemothyroideus et
thyroideus) үшін шандырлы қынаптар түзеді. Ол аталған бұлшықеттерді
тығыз дәнекер тінді бұлшықет табақшасына біріктіреді және олар үшін
апоневроз, aponeurosis omoclavicularis, түзеді. Бұл апоневроз mm.
omohyoidei жиырылғанда керіліп, ол арқылы өтетін және онымен
тұтасып кететін мойын веналары арқылы вена қаны ағып кетуіне жағдай
жасайды. Бұл керілу және үшбұрышты пішін апоневрозды бейнелі
түрде мойын желкені деп атауға негіз болды.
Төртінші шандыр немесе мойынның ішкі шандыры,
Достарыңызбен бөлісу: