Сирақ бұлшықеттері
Сирақ бұлшықеттері аяқтың дисталды бөлігін - аяқ ұшын
қозғалтады және сан бұлшықеттері сияқты денені тік қалыпта ұстап,
оны жер бетінде орын ауыстыра қозғалтуға бейімдейді. Сондықтан
бұлар еңбек мүшесі ретіндегі қолдың қызметіне байланысты білек
бұлшықеттері сияқты аса нәзік дараланып, маманданбаған; керісінше,
үлкен бұлшықет массалары бірге тұтасып, ортақ сіңірге ие болып, тік
жүру кезінде дененің вертикалды қалпын сақтауға, ауқымды
қозғалыстар жасауға күштерін
біріктіреді.
Сирақ-асық
буыны
фронталды білігі мен бақайлар буындары айналасындағы жасалатын
қимылдарға сәйкес бұлшықеттердің көбісі сирақтың алдыңғы және
артқы беттерінде, асықты және кіші жіліншік сүйектердің арасында,
алдынан (алдыңғы бұлшықеттер) және артынан (артқы бұлшықеттер)
орналасады. Аяқ ұшының сагитталды білік айналасындағы қозға-
лыстарына сәйкес, бұлшықеттер бүйір жағында да, кіші жіліншік
бойында да жатады (латералды бұлшықеттер).
Өздерінің шығу тегі жағынан бірінші және үшінші топтар -
дорсалды, ал екінші топ вентралды аяқ бұлшықеттеріне жатады. Артқы
топ басқаларына қарағанда күштірек дамыған. Олар беткей (балтыр
бұлшыеттері) және терең қабаттан тұрады. Барлық сирақ бұлшықеттері
бойлық бағытта өтіп аяқ ұшына бекиді. Олардың кейбіреуінің беку
нүктесі тілерсек сүйектері мен табан сүйектерінің негізінде, ал
басқаларынікі
бақайшақтарда орналасқан.
Бұлшықеттердің етті
бөліктері сирақтың проксималды бөлігінде орналасып, ал дисталды
бөлігінде аяқ ұшына қарай бұлшықеттер сіңірлерге ауысатындықтан,
сирақ конус пішінді болып келеді. Алдыңғы бұлшықеттер аяқ ұшы мен
бақайларды жазады. Аяқ ұшының артқы және табан жағынан келетін,
артқы және латералды бұлшықеттердің сіңірлері аяқ ұшын бүгеді.
Сондай-ақ артқы бұлшықеттердің кейбірлері бақайларды да бүгеді. Аяқ
ұшын негізінен оның медиалды немесе латералды жиегіне бекитін
сирақ бұлшықеттері пронациялайды және супинациялайды.
Достарыңызбен бөлісу: