Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет41/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   342
Байланысты:
анатомия

А г з а л а р ж ү й е с і
 
- бұл өздерінің құрылысы, атқаратын қызметі және 
дамуы жағынан ұқсас, біртекті ағзалардың жиынтығы. Мәселен, сүйек 
жүйесі - құрылысы, қызметі және дамуы бірдей сүйектер жиынтығы
бұлшықет, тамыр немесе нерв жүйесі туралы да осыны айтуға болады.
Асқорыту ағзаларының, тыс қарастырғанда, бір-бірінен айырма- 
шылықтары бар сияқты, бірақ олардың барлығының шығу тегі ортақ, 
құрылыс жоспары және атқаратын қызметтері бірдей; олардың барлығы 
анатомиялық жағынан өзара байланысты және топографиялық жағынан 
жақын. Сондықтан асқорыту ағзалары да жүйе құрайды.
Құрылысы мен дамуы бірдей емес жекелеген ағзалар мен ағзалар 
жүйелері де ортақ қызметті атқару үшін біріге алады. Әртекті 
ағзалардың мұндай функционалдық бірлестіктерін 
а п п а р а т
 
деп 
атайды. Мәселен, қозғалыс аппаратында сүйек жүйесі, буындар және 
бұлшықет жүйесі бар. Белгілі бір функционалдық маңызы бар, мәселен 
нерв жасушасының қабылдайтын құрылымдарды 
р е ц е п т о р л ы а п п а р а т
деп атайды.
Ағзалар жүйелері мен аппараттардың мынадай түрлері бар:
1. Тіршілікті сипаттайтын негізгі үрдіс - қоршаған ортамен зат 
алмасуды іске асыратын ағзалар. Бұл үрдіс қарама-қарсы құбылыс- 
тардың - сіңіру, ассимиляция және бөліп шығару, диссимиляцияның 
бірлігі болып табылады.
Қоректік заттарды, оттегін сіңіруді асқорыту және тынысалу 
жүйелері қамтамасыз етеді. Алмасу өнімдерін шығаруды несеп ағзалар 
жүйесі іске асырады. Алмасу өнімдерін асқорыту және тынысалу 
жүйелері де бөліп шығарады.
2. Түрдің сақталуын қамтамасыз ететін ағзалар - көбею ағзаларының 
жүйесі немесе жыныс ағзалары.
Несеп және жыныс ағзалары дамуы және құрылысы жағынан өзара 
тығыз байланысты, сондықтан оларды несеп-жыныс жүйесі деп 
біріктіреді.
3. Асқорыту және тынысалу жүйелері арқылы қабылданған 
материалды бүкіл организмге таратып, ал шығарылуға тиісті заттарды 
шығару жүйесіне жеткізетін ағзалар қанайналым ағзалары - жүрек пен 
тамырлар (қан және лимфа тамырлары). Бұлар жүрек-тамыр жүйесін 
құрайды.
4. Организмдегі химиялық және барлық үрдістердің реттелуін іске 
асыратын ағзалар - ішкі секреция бездері немесе эндокриндік бездер.
Асқорыту, тыныс алу, зәр шығару, көбею ағзалары, тамырлар мен 
эндокриндік бездер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет