Алайда кол нендей бір өзіндік нәрсе е.мес сді, ол тұтас организм
мүшелерінін біреуі ғана еді де, колға пайдасы болғаннын бүкіл денеге
де пайдасы тиді. Қол мен енбектін дамуымен басталған адамнын
табиғатқа үстемдігі оның ой өрісін кенейтіп, ал еңбек қоғам
мүшелерінің топтасуына көмегін тигізді. Сондыктан калыптаскан
адамдарда бір-біріне бірдене айту, катынас кажеттігі пайда болды. Бүл
қажеттік өзіне ағза жасады: маймылдарда дамыған көмекей біртіндеп
ауыз ағзаларымен бірге сөз сөйлеу ағзаларына айнала өзгеріп, мүның өзі
адам санасынын одан әрі ашылуына себеп болды. Енбек, одан кейін
түсінікті сөз сөйлеу мидың дамуын жеделдетіп, ол барган сайын адам
миына жинала берді. Мидың дамуымен бірге оның ең жакын күралдары
- адамға қоршаған ортада барған сайын жақсы бағдарлауға мүмкіндік
тудыратын сезім ағзаларының дамуы катар жүрді.
Еңбек пен сөз сөйлеудің адамның дене күрылысына өзара эсер
етуінің бұл үрдісі жүз мыңдаған жылдарға созылып, соның нәтижесінде
маймыл үйірлерінен адамдардың коғамы пайда болды. Адамның
эволюциясының бірқатар кезеңдерін - питекантроп, гейдельберг адамы,
неандерталдық және қазіргі адам - бастан өткізе отырып, адам орга
низм! қазіргі тіршілік етуші адамдарға тән жоғарылау күрылыска ие
болды. Адамды адам пішінді маймылдардан өзгешелейтін тәндік
белгілерге мыналар жатады:
1) тік жүру;
2) қол - еңбек мүшесі;
3) түсінікті сөз сөйлеу;
4) ми мен басүйектің жоғары дамуы;
5) дененің тік қалпына сәйкесті ішкі ағзалардың орналасуы;
6) терінің түк басуынан арылуы.
Осыған байланысты адамның барлық ағзалары мен жүйелерінің
бірқатар тәндік ерекшеліктері бар, олар туралы анатомиялык
материалды баяндағанда тиісті жерлерінде баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: