минералдық фосфор, кальций, темір және т. б. тұздардың жиналатын
жері). Зат алмасуға байланысты ауруларды (рахит, т. б.) рентген
сәулесі, радиоактивті изотоптар арқылы диагноз қоюға болады. Бұдан
басқа қаңқа қан жасау функциясында атқарады. Бұл кезде сүйек жәй
ғана жілік майы үшін қорғаныш құндақ қана емес, жілік майы оның
органикалық бөлігі болып табылады. Жілік майының өзінше дамуы
және қызметі сүйек затының құрылысына эсер етеді де, ал, керісінше,
механикалық факторлар қан жасау функциясына ықпалын тигізеді.
Сондықтан дене жаттығуларын құрастырғанда қаңқаның барлық
атқаратын қызметтерінің бірлігін есепке алу қажет.
Қ а ц қ а н ы ң д а м у ы .
Барлық омыртқалыларда құрылысының төменгі
сатыларында, сондай-ақ ұрықтың даму кезеңінде ішкі қаңқаның
алғашқы бастамасы мезодермадан пайда болатын арқа жіпшесі - chorda
dorsalis болып табылады. Хорда хордалылар типінің қарапайым өкілі -
ланцетниктің (Amphioxus lanceolatus) тән белгісі болып табылады, оның
қаңқасы денесінің ұзына бойына арқа жағынан созылған арқа жіпшесі
мен оны қоршаған дәнекер тіннен тұрады.
Омыртқалылардың қарапайым түрлерінде (дөңгелекауыздылар,
селахиялар), дәнекер тінді хорданың айналасында және басқа жағында
шеміршекті қаңқаға ауысады, оның өзі, сүйекті балықтардан бастап
сүтқоректілерді қоса сүйекке айналады.
Сүйектің дамуымен кішкентай ғана қалдықтары (омыртқааралық
дискінің іркілдек ядросы) қалып, хорда жоғалады. Суда өмір сүретін
формалар шеміршекті қаңқамен қала алады, өйткені судағы меха-
никалық ауырлық ауадағыға қарағанда әлдеқайда аз. Тек сүйекті қаңқа
ғана жануарларға судан құрлыққа шығып, өз денесін жер үстінде
көтеріп, аяғында берік тұруға мүмкіндік берді. Сөйтіп, филогенез
үрдісінде қоршаған ортаға бейімделу құбылысы ретінде біртіндеп
қаңқаның үш түрі ауысады. Бұл ауысу адам онтогенезі үрдісінде де
қайталанады, бұл кезде қаңқа дамуының үш сатысы байқалады: 1) дәне-
кер тінді (жарғақты), 2) шеміршекті және 3) сүйекті. Шеке, бас
сүйектері, бет сүйектерінің көбі, дәнекер тін негізінде пайда болады.
Басқа сүйектер осы үш даму сатысынан өтеді.
Сүйек - мүше.
Сүйек, os, ossis, тірі организмнің мүшесі ретінде
бірнеше тіндерден тұрады, олардың ең бастысы сүйек тіні.
Сүйектердің
Достарыңызбен бөлісу: