анатомия номенклатурасы Халықаралық анатомия номенклатурасымен
сәйкестіріле (латын, орыс тілдерінде) 2003 жылы баспадан шығарылды
(Рақышев Алшынбай, “Международная анатомическая номенклатура”
Алматы, Асем-Систем).
СҮЙЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
ІЛІМ OSTEOARTHROLOGIA
Жануарлардың өсімдіктен негізгі айырмашылығы, оның қоршаған
ортаға орын ауыстыра қозғалып бейімделуі болып табылады. Жануар-
лардың жоғары әрекетінің ең басты көрінісі - оның сыртқы дүниеге
жасайтын әрекеті қимыл-қозғалыс - оның қаңқалық бұлшықет жүйе-
сінің қызметінің нәтижесі.
Жануарлар дүниесінде қозғалыстың негізгі үш түрі болады: 1) амеба
тәрізді, жалғанаяқтылар (псевдоподиялар) шығаратын протоплазманың
көмегімен толқынды қозғалу; 2) инфузориялар сияқты кірпікшелер
көмегімен толқынды қозғалу; 3) жануарлардың көпшілігінде кездесетін
арнаулы жиырылғыш бұлшықетті элементтердің көмегімен іске асы-
ратын қозғалыс.
Филогенез үрдісін бейнелей отырып, адам өз денесінде козға-
лыстың осы үш түрін де сақтаған: лейкоциттердің амеба тәрізді
қозғалысы, толқынды эпителий кірпікшелерінің тербелісі және бүл-
шықеттер деп аталатын кешендерге бірігетін арнаулы жасушалык
элементтердің, бұлшықет талшықтарының жиырылуы. Дененің және
оның ағзаларының бүкіл қозғалысы бұлшықеттердің жиырылуына
байланысты.
Организмдегі бүкіл бұлшықет висцералды және сомалық болып
бөлінеді. Висцералды бұлшықет дененің ішінде жататын ішкі ағзалар-
дың құрамына енеді, ол көбіне тегіс салалы бұлшықет жасушаларына
және тек бір бөлігі ғана көлденең-жолақты талшықтардан (асқорыту
жолының жоғарғы ұшы, көмекей, жүрек бұлшықеттері) тұрады. Ол іске
асыратын қозғалыстардың барлығы негізінен ішкі ағзалармен шектеліп,
бұл кезде дененің өзі кеңістікте қозғалмайды. Тек көлденең жолақты
талшықтардан тұратын сомалық бұлшықеттер ішіне ішкі ағзалар
орналасқан дене (“сома”) қуыстарының қабырғаларында орналасады,
сондай-ақ қол-аяқтардың негізгі массасын құрайды. Сомалық бұл-
шықеттің міндеті - бүкіл дене мен оның бөліктерінің айнала кеңістікте
орын ауыстыру, қозғалту болып табылады. Бас жақтағы висцералды
бұлшықеттердің шамалы бөлігін коса сомалық бұлшықеттің бүкіл
жиыны дененің тірек-қимыл аппаратының түзілуіне қатысады, оған
қаңқа мен оның қосылыстары да жатады.
Қозғалыс қызметінен басқа тірек-қимыл аппараты дененің жерге
тірегі қызметін де атқарады, сондықтан да оны
Достарыңызбен бөлісу: