Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет96/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   342
Байланысты:
анатомия

сыртқы 
факторлардың 
әсер ім ен 
е д ә у ір
өзгерістерге 
үшырайды. 
Бүл
ө зг е р іс т е р д ің көбісі рентген аркылы айкындалады да, сондыктан канканын
рентгендік көрінісі бірсыпыра деңгейге организм тіршілігін бейнелейтін айна
тә р ізд і.
Еңбек және түрмыс жағдайларын есепке ала отырып, сүйектердің 
қалыпты күрылымын зерттеудің нормадан тысқары күшті ауырлыктың 
салдарынан норманың патологияға ауысуы туралы мәселені шешуде 
үлкен маңызы бар. Анатомия ғылымының мүндай багыты түрлі кәсіби 
адамдар анатомиясы деп аталады (М. Г. Привес).
ТҰЛҒА ҚАҢҚАСЫ
Барлық омыртқалыларда тұлғаның тірек-кимыл аппаратының 
элементтері chorda dorsalis және нерв түтікшесі жандарында орна- 
ласатын дорсалды мезодерманың бірінші сегменттерінен (сомит- 
терінен) дамиды. Сомиттің медиовентралды бөлігінен пайда болатын 
мезенхима (склеротом) хорда айналасында қаңқа түзілуге кетеді, ал 
бірінші сегменттің ортаңғы бөлігі бүлшыкеттер түзеді (сомиттің 
дорсолатералды бөлігінен дерматом түзіледі). Шеміршек, ал кейін 
сүйек қаңқасы түзілгенде бүлшықеттер (миотомдар) қанканың қатты 
бөліктерінен тірек алады, олар осының салдарынан бүлшыкет 
сегменттерімен кезектесе ауыса отырып, метамерлі орналасады. 
Әрқайсысы ең жақын екі көрші склеротомдардың жартыларынан пайда 
болып, омыртқалар деп аталатын үзына бойы сегменттер қатарынан 
қүралатын омыртқа бағанасы - дененің біліктік каңқасы осындай 
принцип бойынша қүралған. Төменгі формаларда немесе адам 
ұрығының дамуының бас кезінде байқалатындай, өзінің қарапайым 
түрінде омыртқа шеміршекті түзілістерден - хорданың дорсалды және 
вентралды жақтарында метамерлі орналасатын дене мен невралды 
доғадан түрады.
6 — 2 1 0
81


Одан арғы эволюция барысында омыртқалардың жеке элементтері 
өсіп келіп, бұл екі түрлі нәтижеге әкеледі: біріншіден, омыртқаның 
барлық бөліктерінің қосылып кетуіне және екіншіден, хорданы 
ығыстырып, оны омыртқалардың денелерімен ауыстыруға әкеледі. 
Омыртқа денелері хорданы айнала қоршай өсіп, оны қысады, соның 
нәтижесінде, ол омыртқалар үшін байланыстырушы маңызын жоғал- 
тып, омыртқа аралық дискілер ортасындағы сілікпетәрізді ядро (nucleus 
pulposus) түрінде сақталып, негізінен жоғалады. Жоғарғы (невралды) 
доғалар жұлынды жан-жағынан қамтып, тақ қырлы және жұп буындық 
(2 жұп) және көлденең өсінділер түзе отырып, қосылып кетеді. Төменгі 
(вентралды) доғалар қабырғалар түзеді, олар дененің жалпы қуысын 
қамти отырып, бұлшықет сегменттері арасындағы аралықтарда 
(миосептерде) орналасады. Омыртқа шеміршек кезеңін өтіп, сүйек- 
тенеді, тек омыртқа денелері арасында ғана оларды байланыстыратын 
омыртқааралық шеміршек қалады.
Омыртқа бағанасының эволюциясы құрлықтағы тіршілік қалпына 
ауысуға және дененің жер бетіне қол-аяқтары арқылы қозғалуына 
байланысты, оның бөлімдерінің дифференциациялануы жолымен 
жүреді. Суда тіршілік ететін жануарларда (балықтарда) дене және 
құйрық бөлімдерін ғана ажыратады. Балықтарда мойын жоқ, барлық 
омыртқалыларда қабырға болады; қозғалмайтын бас тікелей денеге 
ауысып, бұл дененің алдыңғы бөлігіне суда қозғалуға қолайлы орнықты 
өткізгіш пішін береді. Құрлыққа ауысумен (қосмекенділерден бастап) 
бас қозғалу қабілетіне ие болады. Осыған байланысты оған жақын 
жатқан қабырғалар жоғалып, омыртқалардың көлденең өсінділерінің 
қабырға бөлігі түрінде сақталады. Басқа жақын жатқан омыртқалар 
мойын омыртқаларына ауысып, омыртқаның мойын бөлімі түзіледі. 
Құрлықтағы жануарларда қозғалмалы мойынның пайда болу фактісі 
қайтадан суда тіршілік етуге көшкен сүтқоректілерде (мысалы, 
киттерде) мойын омыртқалары бітісіп кетіп, мойын жоғалады деуге 
болады, ал бас өзінің қозғалғыштығын жоғалтады.
Дамыған қабырғалардың сақталуы омыртқа бағанасының қабырға 
бөлімінің (кеуде бөлімі деп аталған) бөлінуіне әсерін тигізді, өйткені 
қабырғалар тек осы бөлімде ғана сақталып қалып, ал басқа бөлімдерде 
олар омыртқалардың көлденең өсінділеріне қосылып кеткен руди- 
менттік (қалдық) түзілістерге айналады. Кеуде бөлімінің жеке бөлінуіне 
төстің дамуын тудырған өкпенің, сондай-ақ қол-аяқтардың дамуы 
әсерін тигізді, соның нәтижесінде омыртқаның кеуде бөлімі кеуде 
торының түзілуіне қатысты. Төртаяқтылардың артқы аяқтарының 
дамуына байланысты артқы аяқ белдеуі біліктік қаңқамен, екі немесе 
одан да көбірек омыртқалармен қосылып, олар бітісе өсіп бір 
сегізкөзге айналды. Бұл омыртқаны нығайтып, оның бел және сегізкөз 
бөлімдерінің бөлінуіне әкеледі. Сегізкөздің бітісіп-өсуі негізінен
82


денесі түтасынан арткы аяктарына сүйенетін жануарларда байкалады 
Керісінше, омыртка баганасының күйрык бөлімі күйрыктын редук- 
циясына (жогалуына) байланыслы кішкентай рудименттік калдыкка 
айналады. Аталған үрдістер адам омырткасының бөлімдерге бөлінуін 
және жеке омырткалар күрылысының түрліше болуын тудырады.
Сүткоректілер катарында омырткалыларда омырткалар саны тым 
өзгермелі келеді, бүл эволюциянын жалпы бағытын - карапайым- 
дылардан күрделі жануарларға және адамга карай олардың санынын 
азаю ыңғайын көрсетеді. Олардың шығу тегінің ортак екенін 
көрсететін, барлык сүткоректілердің катарында мойын омыртка саны 
мойынның үзынды-кыскалылығына карамастан (мысалы, тышкан мен 
жирафта) 7 болса, ал кеуде бөлімінде омыртка саны сакталған кабырға 
санына сәйкес 9 бен 24 арасында өзгеріп отырады. Адамда кеуде 
омыртка саны 12, бірак олар 11 не 13 болуы да мүмкін. Жануарларда бел 
омыртқа саны өзгеріп отырады (2-9), ал адамда сегізкөзбен бітісіп 
өсуіне карай, олар 4-6, көбіне 5-еу болып келеді. Адамда ауыспалы 
омыртқалар (дорсолюмбалды (ТҺХц), люмбодорсалды (Li), люмбо- 
сакралды (Lv) және сакролюмбалды (S|) омырткалардың арасындағы) 
аумағында болатын күбылыстардың ерекше практикалык маңызы бар.
XIII (бел) қабырға бар болса, бірінші бел омыртка XIII кеуде 
омыртқаға айналып, ал бел омыртка тек тортеу болып калады. Егер XII 
кеуде омыртқасында қабырға болмаса, онда ол бел омырткаға үксайды 
(люмбализация); бүл жағдайда кеуде омырткалары он бір, ал бел 
омыртка алтау болады. Егер сегізкөзбен бітісіп өспейтін болса, I 
сегізкөз омыртқасы да осындай люмбализацияланады; егер V бел 
омыртка I сегізкөз омыртқасымен бітісіп-өсіп, оған үксайтын болса 
(сакрализация), онда бел омырка 4, сегізкөз омыртқасы 6 болады. 
Сөйтіп, адамда сегізкөзге дейінгі омыртка саны 24-ке тең, бірак ол 25-ке 
дейін көбейіп, 23-ке дейін азая алады.
Сегізкөзге дейінгі омырткалардың бүл саны эволюция барысында 
олардың санының прогрессивті азаюын айкын көрсетеді және 
маймылдарда антропоидтарды коса, 28-25-тен адамда 24-ке дейін 
өзгеріп отырады. Сол сиякты сегізкөз де өзара бітісіп өскен 
омыртқалардың түрлі мөлшерінен қүралады, соның өзінде маймылдан 
адамға қарай аяк белдеуі буындасатын сегізкөз омыртқаларының 
санының көбейетіндігі байкалады (2-ден 5-ке дейін).
Адамда тік жүруге байланысты сегізкөз барынша дамыған және 
әдетте ол 5 омыртқадан (сакрализация кезінде) түрады.
Омыртқаның күйымшак бөлімі қүйрыктың үзындығына карай 
қатты 
өзгеріп 
отырады. 
Адамда 
күйымшак 
омыртқаларының 
(құйымшақ) саны 4-ке тең, бірак 5-тен 1-ге дейін өзгеріп, басқа 
жануарлармен салыстырғанда ең аз мөлшерге жетеді. Осының 
нәтижесінде адамда омырткалардың жалпы саны 30-35, көбіне 33
83


болады. Қабырғалар омыртқаның бүкіл өн бойына (жыландарда) 
орналасады, алайда олар көбіне кеуде бөлімінде дамиды, ал басқа 
бөлімдерде қабырғалар омыртқалармен қосылып, рудименттік түрде 
қалады.
Көбіне сүтқоректілердің қабырғалары омыртқаға екі жерден 
буындасады: омыртқалардың денесіне және көлденең өсінділерге. 
Қабырғалардың вентралды ұштары тек құрлықта тіршілік ететін 
омыртқалылардың оған жанасатын алдыңғы аяк белдеуінің дамуына 
байланысты пайда болатын төске бекиді, сондықтан аяқтарын 
жоғалтқан жануарларда, мысалы, жыландарда, төссүйек болмайды. 
Құрлықта тіршілік ететін күрделі омыртқалылардың төс қабырға- 
лардың вентралды ұштарынан дамиды, олар ұрықтық даму бойынша 
(адамда екінші айда) өзара жұп кеуде табақшаларына айналып бітеді де, 
орта сызығы бойымен тақ сүйекке қосылады.
Адам денесінің қаңқасы дененің тік қалыпта болуына байланысты 
өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде ол төрт аяқтап жүретін баска 
сүтқоректілердің каңқасынан өзгеше келеді. Төрт аяқтап жүретіндерде 
омыртқаның мойын бөлімінен басқасы барлық төрт аяғына сүйенетін 
жайпақ доға пішінді келеді. Адамда өзгеше статикалық жағдайларға 
байланысты омыртқа жоғарғы жағында басты ұстайтын және төменгі 
жағында аяқтарын тірек ететін иілген вертикалды жота пішінді. Дененін 
тік қалпы кеуде торының конфигурациясына да эсер етеді.
Сөйтіп, адам денесі қаңқасының тік жүруге және қолдың еңбек 
мүшесі ретінде дамуына байланысты мынадай тән белгілері бар:
1) алға қарай шығыңқы сүйірленген (promontorium) сегізкөз 
бөлімінде иілісі бар тік орналасқан омыртқа бағанасы;
2) омыртқа денелердің жоғарыдан төмен карай біртіндеп артуы, 
олар аяқтармен қосылатын жерде аяқ белдеуі арқылы 5 омыртқадан 
тұратын бірегей сүйекке - сегізкөзге айналып бітісіп кетеді;
3) көлденеңінен көлемді алдыңғы-артқы жағынан тарлау келетін 
кеуде торының кең және жалпақ болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет