Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет98/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   342
Байланысты:
анатомия

canalis vertebralis,
түзіледі, ол онда орналасқан 
жұлынды сыртқы зақымданулардан қорғайды. Демек, омыртқа негі- 
зінен қорғаныш қызметін атқарады;
3) доғаларда омыртқалардың қозғалысы үшін қажет тетіктер - 
өсінділер болады. Олар доғадан тарайды, ортаңғы сызық бойымен - 
қылқанды өсінді, 
processus spinosus,
екі бүйірінен - жүп көлденең 
өсінді, 
processus transversus,
жоғары және томен карай - жүп буындық 
өсінділер, 
processus articulares superiores et inferiores.
Буындық 
өсінділер артқы жағынан жүп тіліктерді, 
incisurae vertebrates superiores
et inferiores,
шектейді, олардан екі омыртқаны байланыстырғанда 
нервтер мен жүлын тамырлары үшін омыртқааралық тесіктер
, foramina
intervertebralia,
түзіледі. Буын өсінділері омыртқааралық буындар 
түзуге қатысып, оларда омыртқалар қозғалыс жасайды, ал көлденең 
және қылқанды өсінділер омыртқаларды қозғалысқа келтіретін
85


байламдар мен бұлшықеттердің бекуі үшін қажет. Омыртқа баға- 
насының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың жекелеген бөліктерінің 
шамасы мен пішіндері әр түрлі, осыған қарай: мойын омыртқалары (7), 
кеуде омыртқалары (12), бел омыртқалары (5), сегізкөз омыртқалары (5) 
және 
құйымшақ 
омыртқалары 
(1-5) деп 
ажыратады. 
Мойын 
омыртқаларында омыртқаның тірек бөлігі (денесі) шамалы дамыған (I 
мойын омыртқаның денесі болмайды), ал дененің төменгі бағытында 
омыртқалардың денелері біртіндеп ұлғайып, бел омыртқаларда 
барынша үлкен болады; сегізкөз омыртқалары бас, тұлға мен қолдардың 
және дененің осы бөліктерінің қаңқасын аяқ белдеуі сүйектерімен, ал 
солар арқылы аяқтармен жалғастырып, біртұтас сегізкөзге айналады 
(“күштің бірігуінде”). Керісінше, адамда жоғалып кеткен құйрықтың 
қалдығы болып табылатын құйымшақ омыртқалары, кішкентай сүйекті 
түзілістер тәрізді. Олардың денесі кішкентай, ал доғасы болмайды. 
Омыртқа доғасы қорғаныш бөлігі ретінде жұлынның жуандаған 
жерлерінде (төменгі мойын, жоғарғы кеуде және жоғарғы бел 
омыртқалары) кеңдеу омыртқа тесігін түзеді. Жұлынның II бел омыртқа 
деңгейінде аяқталуына байланысты, төменгі бел және сегізкөз 
омыртқаларының омыртқа тесігі біртіндеп тарылып, құйымшақта, тіпті 
болмайды. Бұлшықеттер мен байламдар бекитін көлденең және сүйір 
өсінділер күшті бұлшықеттер бекитін жерлерде көбірек өскен (бел және 
кеуде бөлімдері), ал құйымшақта құйрық бұлшықеттерінің құрып 
кетуіне байланысты, бұл өсінділер кішірейіп, қосылып, құйымшақта 
кішкентай қырқа түзеді. Сегізкөзде омыртқалардың қосылып-бітісуінің 
нәтижесінде, омыртқа бағанасының қозғалмалы бөлімдеріндегі, әсі-
ресе, бел бөлімінде жақсы 
дамыған 
буын 
өсінділері 
жоғалады. Сөйтіп, омыртқа 
бағанасының құрылысын тү- 
сіну үшін омыртқалар мен 
олардың 
жеке 
бөліктері 
бойынша, көп функциялық 
жүктеме азайған жерлерде 
омыртқа бағанасының кейбір 
бөліктерінің редукциялануы 
байқалады, мысалы, құйым- 
шақ адамда рудименттік тү- 
зіліске айналған.
О м ы ртқаларды ң жеке 
түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет