Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет83/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Қандай тауарлар акцизді болып табылады?
2. Еркін бағалар бойынша өткізілетін тауарларға акциздер қалай 
есептеледі?
3. Мемлекеттік реттелетін бағалар бойынша өткізілетін тауар-
ларға акциздер қалай есептеледі?
4. Өткізу мезеті болып не саналады?
5. Акциздер қай шотта есепке алынады?
68. Жол қорына кіретін салықтар
Жол қоры туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен 
ережелеріне сәйкес, жол қорын қалыптастыру көздері болатындар:
— автомобиль жолдарын пайдаланушылардың қаржылары;
— Қазақстан Республикасының территориясына кіру, шығу және 
транзитті жүріп өту;
— ұсақ саудада өткізілетін бензин мен дизель отынын сату үшін 
алым;
— ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүріп өту 
үшін жол ақысы.
Жол қорына автомобиль жолдарын пайдаланушылардың ай сай-
ынғы қаржы төлеушілері болып заңды тұлғалар саналады. 
Төлемдерді есептеудің мөлшері болатындар:
1) биржалық қызмет жасайтын заңды тұлғалардан оларға көр-
сетілген қызметтері үшін ақшасының көлемі;
2) сақтандыру қызметін көрсететін заңды тұлғалардан төлемдер 
мен сақтандыру резервтерін қоса арасындағы айырмасының сома-
сы;
3) банк қызметін көрсететін заңды тұлғалардан былтырғы жыл-
дағы жиынтық табыстың көлемі;
4) дайындау, сауда, жеткізу-өткізу қызметімен айналысатындар-
дан төлеуден бір ай алдындағы көтерме, транзитті, қойма, ұсақ тағы 
басқа айналым;
5) өндірістік қызмет жасайтын заңды тұлғалардан өткізу бойын-
ша нақты бағалармен өткізілген өнім, орындалған жұмыстар, көр-
сетілген қызметтердің нақты көлемі.
1998 жылдың 1 шілдесінен бастап автомобиль жолдарын пайдала-
нушылар қаржыларды есептеудің жоғарыда көрсетілген көздерінен 
0,1 % мөлшерлемесі бойынша төлеулері тиіс.
Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың ішінде төлем төле-


134
уден төмендегі заңды тұлғалар босатылады: 
— Қазақстан Республикасының мүгедектер ерікті қоғамы, 
Қазақстан соқырларының қоғамы, Қазақстан кереңдерінің қоға-
мы, Ақыл-ой және дене дамуының кемістігі бар балалар мен 
жасөспірімдердің әлеуметтік үйренуі мен еңбек реабилитация-
сы орталығы және Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақстан 
республикалық ұйымы (ұйымдарынан басқа), Қызыл Жарты Ай мен 
Қызыл Крест қоғамының Ұлттық комитеті (ұйымдарынан басқа), 
балалар қайырымдылық қорлары (ұйымдарынан басқа), сондай-ақ
бұл қоғамдардың меншігіндегі және олардың қаржылары есебінен 
құрылған өндірістік ұйымдар;
— Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі;
— Коммерциялық емес ұйымдар — жарғы бойынша қызметінен;
— Қазақстан Республикасы Үкіметі тізімімен белгіленген 
халықаралық ұйымдар; 
— қызметкерлердің жалпы саны 50 пайыздан төмен емес үлесін 
мүгедектер құрайтын өндірістік ұйымдар;
— негізгі қызметі бойынша жалпы пайдаланудағы жолаушы 
көлігі (таксиден басқа) мен тұрғын үй-коммуналды, газ қожалығы 
ұйымдары.
Қазақстан Республикасының территориясына кіру, шығу және 
транзитті жүріп өту үшін ақы төлеуді халықаралық тасымалдау жа-
сайтын заңды және жеке тұлғалар жүргізеді. Республиканың терри-
ториясына кіру, шығу және транзитті жүріп өту үшін ақы төлеуді 
есептеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметімен 
белгіленеді. 
Бензин мен дизель отыны өткізілуі үшін алымдардың төлеушілері 
болып тауардың өткізуін жүргізетін заңды және жеке тұлғалар са-
налады. Ұсақ саудада өткізілген бензин мен дизель отынының әрбір 
литрі үшін Жол қорына алымды есептеу мен төлеудің мөлшерлеме-
лері, тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметімен 
белгіленеді.
Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүріп өту 
үшін төлеушілер болып ақылы мемлекеттік жолдарға кіре берістегі 
көлік құралдарының жүргізушілері саналады.
Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүріп өту 
үшін төлемақының мөлшерлемелері, тәртібі мен шарттары Қазақстан 
Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
Көлік құралдарының иелерінен салықты көлік құралдары бар 
кәсіпорындар мен азаматтар жыл сайын төлейді. Салықты төлеу 
туралы квитанция немесе төлем тапсырмасын көрсетпей, кө-


135
лік құралдарының тіркеу, қайта тіркеу мен техникалық байқау 
өткізілмейді. Бұл салық № 3170 «Көлік құралдарына салық» пассивті 
шотында бейнеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет