Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет81/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС) нелерге салынады?
2. Сатып алынған материалдардың құнына енгізілген ҚҚС қай 
шоттарда бейнеленеді?
3. Өткізілген өнімдердің құнына енгізілген ҚҚС қай шоттарда 
бейнеленеді?
4. Бюджетке аударылатын ҚҚС-ның сомасы қалай есептеледі?
5. ҚҚС-ын төлеуден кімдер босатылады?
66. Корпоративтік табыс салығы 
Корпоративтік табыс салығы, бұл — шын мәнінде мемлекетке
экономикалық кеңістік, еңбек ресурстары, өндірістік, әлеуметтік 
және басқа инфрақұрылымдарды пайдалану үшін төлем. Аталмыш 
салық өндірістің дамуына, оның әртүрлі жұмыстар, қызметтер 
орындаудағы ынтасын арттыратын, мемлекет тарапынан кәсіпорынға 
қаржылық жағынан ықпал жасаудың құралы болып табылады.
Салық төлеушілер — заңды тұлға болған барлық кәсіпорындар 
мен ұйымдар.
Салық салынатын табыс бухгалтерлік есептің мәліметтері бойын-
ша есептеледі. Оған төмендегі операциялар бойынша шығыстардың 
сомасына кемітілген өнім (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түскен 
табыс; мүлік, бағалы қағаздар, шетелдік валюта, материалдық емес 
активтерді сатудан түскен табыс, өткізуден тыс операциялардан 
түскен табыстар енгізіледі. Өткізуден түскен табысты есептеген кез-
де нарықтық бағалар ҚҚС және акциздерсіз пайдаланылады.
Табысқа салық салу бойынша бірқатар жеңілдіктер бар.
Корпоративтік табыс салығы Қазақстан Республикасының «Салық 
және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2001 
жылғы 12 маусымдағы № 209—II кодексі (Салық кодексі) бойынша 
(соңынан енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоса) ұсталады.


131
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Корпоративтік табыс салығын кімдер төлейді?
2. Қандай салықтық мөлшерлемелер бар?
3. Салық салынатын табысқа нелер енгізіледі?
4. Қандай салықтық жеңілдіктер бар?
5. Корпоративтік табыс салығын төлеу кезінде қандай құжаттарды 
басшылыққа алу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет