137
Әлеуметтік салықтың объектісі болып еңбекақы қоры саналады.
Еңбекақы қорының құрамына еңбекақы, әртүрлі сыйақылар,
қосымшалар, қосымша төлемдер, төлемдер
және қызметкерлерге
заңдарға сәйкес атқарылмаған уақыт үшін ақшалай немесе заттай
түрде (қаржыландыру көзіне байланыссыз) есептелген ақшалай
сомалардың барлық түрлері енгізіледі.
Заңды тұлғалар әлеуметтік салықты төмендегі түрлеріне
есептемейді:
1) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (қызметкерлер) үшін жинақ-
таушы зейнетақы қорларына төленетін зейнетақы жарналары;
2) пайдаланбаған демалыс үшін
орнын толтыру;
3) штаттар қысқарумен байланысты жұмыстан босар кезде алы-
натын жәрдемақы;
4) заңдылықпен сәйкес белгіленген орнын толтыратын төлемдер,
оның ішінде:
— басқа жердегі жұмысқа ауысу, қабылдану, жіберілу кезіндегі
төлемдер;
— қызметкердің меншігіндегі аспаптарды пайдаланғаны үшін
төлемдер;
5) тұрақты жұмыс жолда өтетін немесе жүріп-тұратын сипат-
пен байланысты болса, не қамтамасыз
етілетін учаскелер шегінде
қызмет сапарымен байланысты жағдайларда тәуліктік шығындар
орнына еңбекақысына қосымша және артық төлемдер;
6) берілген арнаулы киім, аяқ киім мен жеке қорғанудың басқа
құралдары, сабын, майды алатын заттар, сүт пен ем-профилактикалық
тамақтандырудың құны;
7) жұмыспен байланысты (жоғалтқан еңбек ақы жөнінен
төлемдерден басқа)
қызметкердің мертігуі, не басқа денсаулығын
жоғалтумен байланысты зиянын қалпына келтіру үшін төлемдер;
8) спорт жарыстарында, байқауларда, көрмелерде жүлделі орын-
дары үшін берілген ақшалай марапаттар;
9) әскери және ішкі істер органдары қызметкерлерінің ақшалай
жәрдем төлемі;
10) қызметкерлерге
бала туылу кезінде, ақылы медициналық
қызмет көрсету үшін, жерлеуге берілетін материалдық жәрдем;
11) жүріп өту, мүлік алып өту мен жайды жалдау, не басқа жерге
жұмысқа ауысу кезіндегі шығындардың орнын толтыру;
12) уақытша еңбекке жарамсыздық күндерін төлеу;
13) жүктілік пен босану бойынша демалысқа төлеу.
Әлеуметтік салық қаржыландыру
көзінен тәуелсіз тиісті
138
салықтарды ұстауға дейін есептеледі.
Әлеуметтік салықты төлеу тәртібі:
— заңды тұлғалардың арнайы есептері бойынша;
— әлеуметтік салық бойынша декларация салық органдарына
тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-жұлдызынан кеш
емес арнаулы белгіленген үлгілер бойынша тапсырылады.
Әлеуметтік салық әрбір есепті кезең үшін айдың екінші
жартысындағы еңбекақыны төлеу үшін белгіленген мерзімде, бірақ
кейінгі айдың 15-жұлдызынан
кешікпей, еңбекақы төленуінен
байланыссыз түрде төленуі тиіс.
Салық салынатын табысты анықтау кезінде төленген әлеуметтік
салықтың сомасы шегерулерге есептелген сомасының шегі бойынша
апарылады. Әлеуметтік салық № 3150 пассивті шотта бейнеленеді.
Есептеудің дұрыстығы мен әлеуметтік салықты бюджетке төлеу-
дің уақытылығы үшін жауапкершілік төлеушілерге жүктеледі.
Әлеуметтік салықтың есептелуі мен төлемі уақытылығының
тәртібін бұзғаны үшін төлеушілерге Қазақстан Республикасының
салық заңымен белгіленген санкциялар
мен Қазақстан Респуб-
ликасының заңдарында бекітілген әкімшілік айыппұлдар салу қол-
данылады.
Салық төлеуші салық органының тексеруіне дейін бұрын тап-
сырылған декларацияға салық жылының ішінде өздігінше түзету
енгізіп және ол туралы салық органына хабарлауға құқықты.
Декларацияда салықтың кем төленуіне себеп болған салықтың
мөлшерін төмендету үшін салық төлеушіге төмендетілген сомадан
100 пайыз мөлшерде айыппұл салынады.
Әлеуметтік салықтың есептелуі мен төленуінің уақытылығы
үшін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
салық органдары жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: