Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет24/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

 
Ескерту
Жоғары оқу орны пәннің жұмыс бағдарламасының 
әдебиеттер тізімін керекті оқулықтар мен оқу құралдарымен толықтыра 
алады.
 


24 
KKT 1203 – ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫ 
МЕН ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫ 
 
Көлемі 3кредит 
 
Авторы: 
Сағындықұлы
Б. 
– филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры 
Пікір жазғандар:
Салқынбай
А.Б. 
– филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
Ермекова
Т.Н. 
– филология ғылымдарының докторы, Қазақ 
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры 
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы» - 
университеттің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеттің жоғары 
дәрежелі мамандарын даярлау мақсатымен өтілетін аса қажетті 
лингвистикалық пәндердің бірі. Осы мақсат аясында ол студенттердің 
теориялық білімін, тәжірибелік дағдысын, іскерлік қабілетін арттыруға 
бағытталған. Бакалаврдың жоғары білікті және бәсекеге қабілетті маман 
ретінде қалыптасуына бұл пән де өз үлесін қосады.
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы» 
жекелеген сөздерді, фразеологизмдерді, олардың тобын ғана емес, тілдің 
қалыптасқан 
лексикалық 
жүйесін 
зерттейді. 
Лексикология 
мен 
лексикографияның 
қарастыратын 
негізгі 
мәселелері 
– 
сөздердің, 
фразеологизмдердің лексикалық жүйеде алатын орны, лексикалық және 
фразеологиялық мағына, сөздердің, фразеологизмдердің пайда болу, даму, 
қалыптасу заңдылықтары, жасалуы мен шығу тегі, қарым-қатынас кезіндегі 
қолданылу қабілеттілігі, сөздердің мағыналық, семантикалық қатынасына 
қарай жіктелуі, сөздердің лексикалық мағыналарының типтері, эмоциялық, 
стильдік сипаты, т.т.
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы» оқу пәні 
бойынша бакалаврдың шешуші құзіреттілігіне қойылатын талаптар. 
Бакалаврдің: 

Қазақстандағы және әлемдегі тілдік, тарихи-мәдени үдерістер 
туралы; 

қазіргі кезеңдегі тіл білімінің негізгі даму бағыттары жайында; 

тілді оқытудың негізгі әдістемесі, оқытудың дәстүрлі және 
инновациялық технологиялары туралы 
түсінігі болуға тиіс;


25 

қазіргі қазақ тілі лексикологиясының қазіргі жай-күйін және 
оның даму үдерістерін; 

ұғым мен сөз мағынасының айырмашылығын, сөздік мағыналар 
мен тілдік мағыналардың ара жігін, сөздің лексикалық мағыналарының 
түрлерін; 

сөздердің 
лексика-семантикалық 
топтары 
мен 
қосалқы 
оралымдарының ерекшеліктерін; 

фразеологизмдердің өзіне тән белгілерін, түрлерін, тұлғалық, 
мағыналық ерекшеліктерін, құрамы мен құрылысын 
білуі тиіс


өз білімінің, дағдыларының деңгейін сындарлы түрде бағалап 
және оларды жетілдіре отырып, кәсіби ойлаудың жоғары сатысына ие бола 
алатындай; 

тілдегі барлық сөздерді шығу, жасалу тұрғысынан, қолданылу 
шеңберіне қарай топтастырып, сараптай алатындай; оларды көркемдік 
мәніне, стильдік қатысына қарай да ажыратып, сипаттап бере алатындай; 

қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы 
теориялық негіздерін меңгеріп және оларды, білім беру, ғылыми-зерттеу 
қызметінде пайдалана білетіндей 
білігі болуы тиіс


берілген мәтіннен метафора, метонимия, синекдоха, эвфемизм, 
дисфемизм сияқты көркемдегіш құралдарды тауып, олардың өзіндік 
ерекшеліктерін түсіндіріп бере алатын; 

сөздердің лексикалық, стильдік, әлеуметтік-аймақтық топтарын 
айырып, ажырата алатын; 

барлық сөздіктермен жұмыс жасай білетін; 

мәтін ішінде ұшырайтын фразеологизмдерді түр-түрге бөліп, 
олардың құрамы мен құрылысын талдай алатын; 

кәсіби қызметінде міндеттер қою және оны шешудің дұрыс 
жолын таңдай білетін 
дағдысы болуға тиіс


Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы, 
мәдениеттер мен өркениеттің алуан түрлілігі аясында білім беру мен 
мәдениет саласында заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді 
қолдану мәселелерінде; 

оқу-кәсіби міндеттерін шешу үшін ғылыми ақпаратты жинауда 
және 
талдауда 
заманауи 
ақпараттық 
және 
коммуникациялық 
технологияларды пайдалану мәселелерінде; 

заманауи компьютерлік технологияларды, интерактивті оқыту 
әдістерін пайдалана отырып, орта оқу орындарында қазіргі қазақ тілі 
лексикологиясы мен лексикографиясын оқытудың кәсіби-практикалық 
танымын және дағдыларын қалыптастыруда 
құзіретті болуға тиіс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет