27
мәселелерін ғана емес, сөздік құрам туралы ілімнің даму тенденцияларын да
білуі қажет. Осы тұрғыдан келгенде, 2) пәнді оқыту міндетіне Қазақстандағы
және шетелдердегі ірі лингвистердің кейбір даулы мәселелер жөніндегі
тұжырымдарын, пікірлерін, көзқарастарын түсіндіру де енеді. Бакалаврлерге
теориялық білім берумен қатар, 3) практикалық жағынан дағдыландыру да –
пәнді оқытудың абыройлы міндетіне жатады.
Практикалық ізденістер
барысында сөздіктермен жұмыс істеуді үйренеді, әртүрлі мақсатта
жаттығулар орындайды, пән жайындағы білімдерін шыңдайды.
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы» оқу
пәнінің даму сатылары
үш кезеңнен өтті. Қазақ
мемлекеттік университеті
ашылған 1934 жылдан бастап лексика, фонетика,
морфология, синтаксис
бөлімдерінен тұратын «Қазіргі қазақ тілі» аталатын еңбек жарияланған 1954
жылға дейінгі алғашқы кезеңде оқытушылардың өздері құрастырған жазба
лекциялары, лексикология жайында баспасөз
беттеріне жарияланған
мақалалар ғана оқу құралы ретінде ұсынылатын. «Қазіргі қазақ тілі»
курсының «Лексика» бөлімін жазған профессор, филология ғылымдарының
докторы Ғ.Мұсабаев болатын. Ол
аталған еңбегін өңдеп, толықтырып,
студенттердің ұғымына ыңғайлап, «Қазіргі қазақ тілі. Лексика»
деген атпен
1962 жылы оқулық ретінде жариялады. Бұл оқулық моральдық жағынан
ескіргеннен кейін 1979 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор
Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» аталатын оқу құралын
жазды. 1954–79 жылдары аралығын екінші кезең деп атауға болады. 1997
жылы Ә.Болғанбаев бұл оқу құралын филология
ғылымдарының докторы
Ғ.Қалиевпен бірігіп,
Достарыңызбен бөлісу: