Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Түркі тілдеріне
ортақ сөздер. Олардың лексика-семантикалық, фонетикалық, лексика-
грамматикалық ерекшеліктері. Қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер. Түбір сөздер
мен туынды сөздер. Сөз тудырудың лексикалық, фонетикалық,
морфологиялық және синтаксистік жолдары. Сөз тудыру тәсілдері негізінде
пайда болған сөздердің ерекшеліктері.
Өзге тілдерден енген сөздер: моңғол тілдерінен енген сөздер; араб,
иран тілдерінен енген сөздер, орыс тілінен енген сөздер. Кірме сөздердің
лексика-семантикалық, фонетикалық және грамматикалық жағынан игерілуі.
Қазіргі қазақ тілі лексикасының қолданылу шеңбері. Таралу
аясына немесе әлеуметтік-территориялық ерекшеліктеріне қарай топтасқан
сөздер. Жалпыхалықтық сөздер. Жалпыхалықтық лексиканың басты-басты
ерекшеліктері. Көне сөздер мен жаңа сөздер. Диалект сөздер. Диалект,
наречие, говор туралы түсінік. Диалект сөздердің лексикалық, фонетикалық
және грамматикалық ерекшеліктері. Диалектизмдер. Кәсіби сөздер. Кәсіби
сөздердің ерекшеліктері. Жаргон және арго.
Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Қазақ тілінің ауызекі
және жазба формалары. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері. Әдеби тілге
тән басты белгілер. Әдеби тілдің формалары. Әдеби тілдің стильдік
тармақтары. Тілдік стиль туралы ұғым.
Стиль қатысына, бейнелік-стилистикалық сипатына қарай топтасқан
сөздер. Тұрмыстық сөздер. Варваризмдер. Термин сөздер. Кітаби сөздер.
Эмоциялы-экспрессивті сөздер. Олардың лексика-семантикалық сипаты.
Қазіргі қазақ тіліндегі фразеологиздер. Фразеологизм және оның
өзіндік белгілері. Фразеологиялық тіркестердің құрамы мен құрылысы.
Фразеологизм және ұйтқы сөздер. Фразеологизмдердің сөз табына қатысы.
Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы.