26
Постеквизиттер
(соңынан өтілетін пәндер): «Қазіргі
қазақ тілінің
фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің
синтаксисі», «Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы».
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№
1
Лексикология мен лексикография
пәні және оның нысаны
2
Ұғым және сөз мағынасы
3
Сөздің анықтамасы. Сөзге
тән белгілер
4
Сөздің формасы мен мазмұны. Қызметтері. Сөз варианттары
5
Сөз мағынасының дамуы
6
Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі
7
Табу. Эвфемизмдер мен дисфемизмдер
8
Сөздік
қор және сөздік құрам
9
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
10 Қазіргі қазақ тілі лексикасының қолданылу шеңбері
11 Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
12 Қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдер
13 Фразеологизмдердің түрлері
14 Лексикография.
Сөздіктердің типтері
15 Лексикография. Сөздіктердің түрлері
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы»
- тіл
білімінің лексиканы зерттейтін саласы. «Қазіргі қазақ тілі»
курсының бір
бөлімі болып саналатын бұл ілімде тілдің лексикалық жүйесі жөнінде жан-
жақты мағлұмат беріледі.
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы»
пәнінің нысаны –
сөз, тұрақты сөздер, сөздік құрам.
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы»
пәнінің
мақсаты –
сөздердің, күрделі сөздердің мағынасы мен шығу төркіні
жөнінде, тұрақты тіркестердің, оның ішінде фразеологизмдердің құрамы мен
құрылысы,
өзіндік белгілері, даму тарихы жөнінде,
олардың стильдік мәні
мен сипаты жайында, қолданылу қабілеттілігі туралы, жалпы алғанда, сөздік
құрам жайында өз дәрежесінде мағлұмат беру.
«
Достарыңызбен бөлісу: