Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Почта-телеграф жөнелтілімдерінің тілі



Pdf көрінісі
бет100/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   111
Почта-телеграф жөнелтілімдерінің тілі
Почта-телеграф жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының 
шегінде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде, ал республика-
дан тыс жерлерге белгіленген халықаралық ережелерге сәйкес 
жіберіледі.
V тарау
Тілді құықтық қорғау
23-бап. 
Тілді мемлекеттік қорғау
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа 
тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік органдар бұл 
тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды.
Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс 
қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді кездей-
тін Мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талап-
тарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және 
лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен бел-
гіленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі терминология, ономасти-
ка жөніндегі тиісті мемлекеттік комиссияларды және қажет болған 
жағдайда басқа да құрылымдарды құрады.
24-бап
Тіл туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңдарының бұзылуына 
кінәлі мемлекеттік органдардың, кез келген меншік нысанындағы 
ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке 
тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты 
болады.
Лауазымды адамның мемлекеттік тілді білмеу желеуімен 
азаматтардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ 
мемлекеттік тілде және басқа тілдерде қызмет атқарылатын сала-
да олардың қолданылуына кез келген кедергі келтіру Қазақстан 


214
Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеліп 
соғады.
25-бап
Уәкілетті мемлекеттік орган
Қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті 
Ережемен реттеліп отыратын уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
тілді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың 
жүргізілуін қамтамасыз етуге;
тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын 
әзірлеуге, оның орындалуын жүзеге асыруға;
тіл туралы заңның орындалуын бақылауға, оны бұзу фактілерін 
қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға;
Қазақстан Республикасында ономастикалық және терминоло-
гиялық жұмысты үйлестіруге міндетті.
Уәкілетті орган:
өз құзыретіне сәйкес тіл туралы заңның орындалуына мемле-
кеттік бақылауды жүзеге асыруға;
министрліктерден, ведомстволардан, орталық және жер-
гілікті атқарушы органдардан, меншік нысанына қарамастан 
ұйымдардан заңдардың, тілдерді қолдану мен дамытудың Мемле-
кеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпарат, мәліметтер, 
құжаттар сұратып алуға;
заңдарда белгіленген өзге де функцияларды атқаруға құқылы.
26-бап. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет