Əдетте мемлекеттің сыртқы саяси қатынастың басқа да субъективтілерімен
халықаралық аренда өз қатынасын реттеуге байланысты əрекетін сыртқы саясат деп
атайды. Мəселен, шет мемле-кеттермен, шетелдік партиялармен жəне басқа да қоғамдық
ұйымдармен, дүниежүзілік жəне аймақтық халықаралық мекемелермен қарым-
қатынасқа түседі. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, əскери,
ғылыми-техникалық жəне мəдени потенциалдарына негізделеді.
Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мəселе— ұлттық
мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мəселелерге, əдетте ұлттық еркін жəне тəуелсіз
мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын
жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық жəне саяси позицияларын
қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау жəне оның аясын кеңейту.
Ұлттық мүдделер мемлекеттің сыртқы саяси бардарламаларында, сыртқы саясатында
көрініс тауып отырады жəне ол басқа мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың мақсатын,
оны шешу жолдарын анықтап отырады.
Мемлекеттің сыртқы саяси бағдарының қалыптасуына əртүрлі көптеген жағдайлар
ықпал етуі мүмкін. Мемлекеттің халықаралық аренадары стратегиялық жардайын анық-
тауға себеп болатын себептердің бірі, ең алдымен географиялық себептер. Мемлекеттің
геожағдайын анықтайтын себептердің негізгілеріне елдегі өзен-су коммуникацияларын,
теңізге жақын немесе алыстары, одан шығу немесе шыға алмау жағдайы, көрші
елдермен жол қатынасы қандай, ол күрделі немесе жеңіл ме, басқа мемлекеттермен
шекаралық шектеу жағдайы, халықтың саны, оның орналасу тығыздығы т.б. жатқызута
болады. Сондай-ақ, ауа-райының жағдайы, топырақтың құрамы, жерасты байлық-тары,
өндіргіш күштердің даму қарқыны, мəдениеттің даму тенденциясы, əлеуметтік
құрылымды ұйымдастыру түрі жəне саяси құрылым ерекшеліктері де ескеріліп
отырады.
Мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуында идеология маңызды рөль
атқарады. Өйткені, кез келген сала сияқты сыртқы саясат сол ұлттың салт-санасын, тілін,
дінін, дəстүрін, дүниетанымын, психологиясын, адамдар арасындағы қарым-қатынас
нормаларын т.б. көрсетудің айнасы, олардың көріну түрінің бірі болып табылады.
Сыртқы саясатты мемлекеттің ішкі саясатынан бөліп алып қарауға болмайды.
Өйткені, сыртқы саясат мемлекеттің ішкі даму ерекшелігіне, қойған мақсаттарына, ішкі
ресурсына, кадр потенциалдарына да тəуелді. Сонымен бірге сыртқы саясаттың өзіндік
ерекшеліктері де болады. Ол ерекшеліктер қарым-қатынасқа түсетін елдердің
мүдделеріне сəйкес келе бермеуіне байланысты болады. Оның өзі елдің сыртқы
саясатын сол субъекті-лердің мүдделеріне байланысты халықаралық қатынас
құқықтарына сəйкес түрлендіруді талап етеді.Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың
бірі— дипломатия больіп табылады. Дипломатия— сыртқы қатынасты қамтамасыз
ететін жəне шетелде мемлекеттің құқы мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет
басшыларының жəне сыртқы қатынасқа түсетін мекемелердің ресми əрекеті. Шет
елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың
дəстүрлі түрі болып табылады. Сондай-ақ дүниежүзілік жəне аймақтық халықаралық
ұйымдарда өкілеттілік ашу немесе олардың құрамына ену, шетелдік саяси партиялармен
достық қарым-қатынаста болу, дипломатиялық қатынастарға түспеген елдермен де
эпизоттық байланыстар жасау арқылы да сыртқы саясат жүргізіліп отырады.
Сыртқы саяси байланыстар - экономикалық сауда, ғылыми-техникалық, финанс-
несие жəне мəдени қарым-қатынастар жасау арқылы да іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: