3.1. Гистология, цитология және эмбриологияныңғылым ретінде кдлыптасуы
43
ескере отырып, тіндердің жіктелуін аныктауға мүмкіндік берді (А. Кёлликер
және т.б.).
Бірак ғылыми сана XIX ғ. екінші жартысында гистологиялык техниканын
және микроскопиялык зерттеу әдістерінің кейінгі жетістіктерінсіз каркынды
дами алмады. Бұл кезенде тәжірибеге сулы және майлы иммерсионды объ-
ективтер енгізіліп, жетілдірілді, микротом ойлап шығарылды, жаңа фикса-
торлар (формалин, осмий кышкылы, хром кышкылы) колданыла бастады.
Жасушаішілік торлы аппаратка (Гольджи кешені) сипаттама берген, италия
ғалымы К. Гольджи дайындаған күміс тұздарымен импрегнациялау әдісі
өте нәтижелі болды. Бұл әдіс пен оның модификациялары жүйке жүйесінің
іргелік зертгеулерін жүргізуге (Р. Кахаль) және нейрогистология негізін
кұруға мүмкіндік берді. К. Гольджи және Р. Кахальдың ғылыми еңбектерін
мойындау оларға 1906 ж. Нобель сыйлығын беру болып табылды. XIX ғ. соңғы
ширегінде жасушаның баска органеллалары да ашылды.
Жасушаның кұрылысын зерттеу аумағындағы жетістіктердің арқасында
XIX ғ. соңында цитология негіздері каланды, бірак бекітілген жасушалар-
ды микроскопиялау олардағы тіршілік үдерістері туралы тұжырым жасауға
мүмкіндік бере алмады. Сондықтан жасушалар мен тіндерді культивация-
лау әдістері ғалымдардың назарын аударды (И. П. Скворцов, Р. Гаррисон,
А. Каррель және т.б.).
Тіршілік кезінде бояуларды енгізу, сол кезде көптеген зерттеушілер
колданған,
организмге
бөгде
заттарды
енгізу және
баска
әдістер
гистологиялык кұрылымдардың физиологиясын зерттеуге мүмкіндік жасады.
1900 ж. Н.М. Гайдуков тірі объектілерді қараңғыда микроскопиялау әдісін
ұсынды. Осы уакытта микроманипулятор ойлап шығарылып, оның көмегімен
жасушалардың организмнің өмір сүруіндегі маңызы мен кызметін аныктау
мақсатында жеке жасушаларда операциялар (ядроларын алып тастау, жасу-
шаларды кесу және т.б.) жүргізуге болатын болды.
Достарыңызбен бөлісу: